ҚАСКЕЛЕҢДЕ ЖАТ АҒЫМНЫҢ ӨКІЛІ ӨЗГЕЛЕРГЕ ЖАЛҒАН ВАКЦИНАЦИЯ ЖАСАП КЕЛГЕН

Уақыты: 17.10.2021
Оқылды: 1138
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Қарасай ауданында вакцинаның жалған паспортын жасаған 20 жастағы тұрғын ұсталды. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап мәлімдеді.

Күдікті Қарасай ауданында қолға түскен. Ол қолхатпен жіберілді. «Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы, 1-бөлігі бойынша тіркелді. Қарасай ауданында жедел іздестіру шарасы кезінде Алматы облыстық экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері деструктивті діни ағым өкілі, 20 жастағы тұрғынды ұстады. Ол вакцинация паспортын заңсыз рәсімдеумен айналысып келген», - делінген полиция хабарламасында.

Күдіктіге 160 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 467 мың теңге айыппұл салынады немесе 160 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады. Тіпті, 40 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Ал анализбен қосып, жалған вакцинация құжатын жасағандарға 2 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 5,8 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады. Немесе 600 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады. 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасына да тартылуы ғажап емес.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"