ЖАРЫҚ ЖОҚ! ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА САЯЖАЙ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨТЕРІЛДІ

Уақыты: 03.11.2021
Оқылды: 1283
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Еңбекшіқазақ ауданында саяжай тұрғындары электр жарығының болмауына ашуланып, жолды жауып тастады. Аталған оқиғаға байланысты Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Есіктегі саяжайда біраз шу болды. Бір топ тұрғын екі саяжай арасындағы дау үшін жолды жауып тастады. Былайша айтқанда, бір саяжайдың тұрғындары екінші саяжайдың электр жарығын өшіріп тастаған. Жарықсыз қалғандардың арасында қарыздары жоқтар да жетеді", – деп жазылды "Новости Иссыка" әлеуметтік желі парақшасында.

Аудан әкімдігі болған жайтты: "Есік – Саймасай облыстық маңызы бар жолының бойына Рахат ауылдық округі "Калинин" бау-бақша қоғамының 20-25 тұрғыны жиналған. Олар жазғы коттедждің қарыздары бойынша электр қуатын өшіру мәселесін дұрыс шешуді талап етті. Жиналған жерде көлік кептелісі болды", – деп түсіндірді.

Оқиға болған жерге Рахат ауылдық округінің әкімі Қуат Ақшабаев барған.

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Асхат Аңсабаев пен "АЖК" АҚ өкілі оқиға болған жерге барды. Электр энергиясы қосылып, кейінірек тұрғындар тарады. Қоғамдық тәртіп бұзу фактілері болған жоқ", – деп атап өтті Еңбекшіқазақ ауданының баспасөз қызметі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"