ІЛЕ АУДАНЫНДА ҚЫРЫҚҚА ТАЯҒАН ӘЙЕЛ ӨЗ ҰЛЫН ПЫШАҚТАП ТАСТАДЫ

Уақыты: 04.11.2021
Оқылды: 1127
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Іле ауданында 37 жастағы әйел 10 жасар ұлын пышақтап тастады. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

«Сағат 15:00 шамасында Өтеген батыр кентіндегі балалар ауруханасына бірнеше пышақ жарақатымен 10 жастағы бала жеткізілді. Тексеру барысында сол күні баланың 37 жастағы анасы асүй бөлмесінде оған бірнеше рет пышақ жарақатын салғаны анықталды. Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оған қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалды, бұлтартпау шарасын таңдау және оны психологиялық диспансерге орналастыру туралы мәселе қарастырылуда», - делінген полиция таратқан хабарламада.

Ведомство ақпаратына сәйкес, заттай дәлелдемелер мен қылмыс құралы – пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабымен («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар сараптама тағайындалды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"