ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ТӨРТ ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ МАЛ ҰРЛЫҒЫ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Уақыты: 26.11.2021
Оқылды: 1469
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Еңбекшіқазақ ауданында төрт жыл бұрын 7 жылқы ұрлаған қылмыскер қолға түсті. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

«Мал ұрлығы» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Еңбекшіқазақ ауданының полиция қызметкерлері Ащыбұлақ ауылының 53 жастағы тұрғынын ұстады. Ол ұсынылған дәлелдермен әшкереленіп, 2017 жылдың маусым айында ауыл жанындағы жайылымнан жылқы ұрлағанын мойындады. Күдікті 73 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі жалпы құны 1 050 000 теңгеге бағаланған бір жарым жастағы 7 жылқыны қолды қылған. Оның үйінен жылқының үшеуі табылып, иесіне қайтарылды. Қалған 4 жылқы мал базарында сатылған.

- Осыған байланысты ол 600 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражат түріндегі материалдық шығынды өтеуге келісті. Жәбірленуші полицейлерге қылмысты ашқаны үшін алғыс айтты. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, өзге де ақпарат жария етілмейді, - деді Алматы облыстық полиция департаментінің өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"