ТАЛДЫҚОРҒАНДА ИНТИМДІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН БІРНЕШЕ ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 30.11.2021
Оқылды: 1333
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алматы облысында «Стоп-трафик» жедел алдын алу шарасы аясында «жеңгетай» мен интимдік қызмет көрсететін бір топ әйел ұсталды.

Алматы облыстық полициясының жедел уәкілдері Талдықорғандағы қонақүйлердің бірінде әкімші болып жұмыс істейтін 46 жастағы «жеңгетайды» қолға түсірді. Арнайы операция бір апта аралығында өткізілетін «Стоп-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ұйымдастырылды. Заңсыз әрекетпен айналысқан әйел притон ұйымдастырып, ақшалай сыйақыға «жеңгетайлық» еткен.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Сонымен қатар, қонақүйді тексеру кезінде құқық қорғау қызметкерлері үш жезөкшені ұстап, есепке алды. «Олар 29 жастағы алматылық, 30 жастағы Текелі қаласының және Батыс Қазақстан облысының 42 жастағы тұрғындары болып шықты. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді», - делінген Алматы облыстық полициясы таратқан хабарламада.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"