"МАСҚАРА!": ҚЫЗ ҚЫЛЫҒЫ ҚАЙДА?

Уақыты: 09.01.2023
Оқылды: 1651
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Әлеуметтік желіде үш қыз жабылып бір қызды сабап жатқан видеосы тарауда. Талдықорғандағы кешкі мектептің оқушы қыздарының төбелесі дейді.

Егер рас болса, Жетісу облыстық білім басқармасы шұғыл шара қолданып, нақты ақпарат бергені дұрыс. Мына қыздар анадан туып, тәрбие бесігінде тербелген бе?!  Қазақта "Қыз қылығымен тәтті" - деген нақыл бар. Төбелесіп, бір қызды өлімші етіп жатқан үш қыздан бабалар айтқан қылықты байқап тұрғам жоқ. Шұғыл түрде ата-анасы да, қыздар да жауапқа тартылу керек. Бейнебаянды көріп отырып, жаным түршікті.

 

 

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"