ОБЛЫСТА КОВИДКЕ ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Уақыты: 25.02.2021
Оқылды: 1028
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында вакцинациялаудың екінші кезеңі басталды.

Алматы облысында коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың келесі сатысы басталды. Өңірге "Спутник В" вакцинасы екінші компонентінің 1450 дозасы әкелінді. 26 емдеу мекемесінде 29 егу кабинеті жұмыс істеп жатыр.

Биыл облысқа барлығы 150 мың доза вакцина әкелу көзделген. Шалғай елдімекен тұрғындарын вакцинациялауға арналған 12 жылжымалы бригада жасақталды. Сондай-ақ, 500 ге жуық медицина қызметкері арнайы оқытылып, аттестацияланды.

Жалпы, Алматы облысы бойынша 11 мыңнан астам ақ халаттылар вакцинациялауға жатады.

- Бірнеше өзіміздің әріптестерден қан анализдерін алдық. Титр өте жоғары бүгінгі таңда. Сол себептен біздің халқымызға, тұрғындарымызға айтарымыз, вакцинаны қабылдауымыз керек, - деді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан