АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТЕТІН СПАРТАКИАДАҒА ШАҚЫРАМЫЗ

Уақыты: 21.09.2022
Оқылды: 1571

Алматы – Қазақстанның мәдениет-өнер ошағы, спорт орталығы. Жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде алып шаһар Алматыда қала күні тойланып, түрлі мерекелік іс-шаралар өтеді. Қалалық дін істері басқармасы мерекеге орай кезекті спартакиада өткізуді жоспарлап отыр.

Спорттық шара 23 қыркүйек күні Нұр-Мүбәрак Мысыр ислам мәдениеті университетінің алаңында өтеді.

Қала тұрғындарын спортпен үздіксіз айналысуын қамтамасыз етуге арналған бірегей жобаның мақсаты – тұрғындарды жүйелі түрде дене тәрбиесі мен спортқа тарту, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Дәстүрлі діндер арасындағы ауызбірлік пен татулықты, тыныштық пен тұрақтылықты, бейбітшілік пен ынтымақты дәріптеу.

Спартакиада барысында арқан тарту, асық ату, армрестлинг, қошқар көтеру, гір тасын көтеру және тоғызқұмалақ секілді спорт түрлерінен бақ сыналады.

Спорттық шара «Ұлттық мұра» бағдарламасы мен Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының басшылығымен бірлесе жүзеге асырылады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Өтетін орын: Нұр-Мүбәрак Мысыр ислам мәдениеті университеті, әл-Фараби даңғылы 73. Өтетін уақыты: 23 қыркүйек, сағат 14:00.

Байланыс телефондары: +7 747 410 07 01, +7 701 436 52 07.

Әзиз ТАСТАЕВ

Алматы қаласы