БӘРЕКЕЛДІ! ШАВКАТ ТАҒЫ ЕРЛЕДІ

Уақыты: 05.03.2023
Оқылды: 1250

Ел намысын әлемдік додадарда қорғап жүрген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC турнирінде тағы да жеңіске жетті.

Дәлірек айтқанда, Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (17-0) америкалық қарсыласы Джефф Нилмен (15-5) жекпе-жекте жеңіс туын желбіретті.

Жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 285 турнирінде өтті. Осыған дейін белгілі болғандай отандасымыздың қарсыласы UFC-дің үздік файтері деп есептелетін америкалық Джефф Нил-тін (15-4).

Осыған дейін сарапшылар арасында жеңіс пен жеңіліс туралы түрлі пікір айтылып келген жекпе-жек үшінші раундтың соңында аяқталды. Пайда Шавкаттың еншісіне бұйырды.

Рахмонов бұған дейін 17 кәсіби жекпе-жек өткізіп,  барлығында мерзімінен бұрын аяқтады. Сарапшылардың пікірінше, спортшының осы жеңісінен кейін UFC рейтингінде көтерілуіне мүмкіндік бар.

Фото: sports.kz

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ