"Сенсациялық жеңіс": Қазақстан футбол құрамасы Ирландиядан басым түсті (ВИДЕО)

Уақыты: 20.06.2023
Оқылды: 1253

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы төртінші ойынын Солтүстік Ирландиядан басым түсті.

Кездесу барысында қос құрама үздіксіз шабуылға шыққанымен  бірінші таймда есеп ашылмады. Қазақстандық теңбілдоп шеберлері арасында Максим Самородов гол соғатын мүмкіндік туғанда мүлт кетті.   

Екінші таймда ойын тартысты басталғанымен, соңғы минуттарға дейін есеп тең болды. Алайда 88-минутында Абат Айымбетов есеп ашып, команданы алға шығарды. Осылайша Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде екінші орынға тұрақтады. 

Қазақстан ұлттық құрамасы келесі ойынын 7 қыркүйекте өз алаңында Финляндиямен өткізеді. 

Келе жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарында ұлттық құрама ойыншылары өз тобында үш ойын өткізді. Оның ішінде Словенияға есе жіберді. Сондай-ақ, Астанада Дания құрамасы 1 гол айырмасымен ұтса, Сан-Марино құрамасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. 

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"
Фото: ашық дереккөзден