УНИВЕРСИАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АЛТЫН (+ВИДЕО)

Уақыты: 01.08.2023
Оқылды: 733

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы алғашқы алтынын алды.


Таэквондодан 46 келі салмақта сынға түскен Рита Бәкішева финалда Қытайлық Тайпейден келген, 2022 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Хуань Инь Суаньды жеңді. Қазақ туризм және спорт академиясының (Алматы) студенті, 19 жастағы Бәкішева өткен жылы Азия чемпионатында қола жүлдеге алып, Әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам жетпей қалған еді.

(Видеода 1:48 минуттан бастап көре аласыз)