АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ БОЛДЫ

Уақыты: 05.08.2023
Оқылды: 1518

Олимпиада чемпионы (2012, Лондон) бүгінде "Astana Qazaqstan Team" менеджері Александр Винокуров Шотландияның Глазго қаласында велоспорттан өтіп жатқан әлем чемпионатында жалпы командалық Гран-фондо жарысында (50-54 жас) мәре сызығын бірінші кесті, - деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы. 


Жеңімпаз Александр Винокуров 159 шақырымды құраған Гран-фондо межесін 4 сағат, 5 минут 22 секундта орындады. Чемпионның соңынан екінші болып испаниялық Ррауль Патино, үшінші болып поляк Адриан Яш келді. Жалпы жарыс жолына 213 велошабандоз шықты. 

Ал 7 тамыз күні Александр Винокуров жекелей сынға түседі. Жекелей жарыста Винокуров 50-54 жас аралығы бойынша Азия чемпионы.