Александр Бублик Бельгиядағы турнирдің чемпионы атанды

Уақыты: 23.10.2023
Оқылды: 442

Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингте 38-орында тұрған 19 жастағы франциялық Артюр Фиспен шеберлік байқасты.

Франциялық спортшы жартылай финалда әлемнің 7-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципасты жеңіп кеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда есеп 2:2 болған мезетте Бублик брейк жасап, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:4.

Александр екінші сетте де 3:1 есебімен алға кетті. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Бір сағат 15 минутқа созылған кездесуде Александр Бублик 11 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 6 эйспен ғана көзге түсті.

Осылайша, Александр Бублик ATP турнирлеріндегі үшінші чемпиондық атаққа қол жеткізді. Ол өткен жылы Монпельеде осындвй додада үздік шықса, биыл Галле (Германия) ATP 500 турнирінде топ жарған еді.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы