Қазақстан құрамасы самбодан әлем чемпионатында 3-орын алды

Уақыты: 14.11.2023
Оқылды: 480

Ереванда самбодан 2023 жылғы әлем чемпионаты аяқталды. Турнир нәтижесінде Қазақстан құрамасы үшінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Кazinform сайтына сілтеме жасап.

Чемпионатта 65 елден 300-ден астам спортшы 21 салмақ санатында өнер көрсетті. Халықаралық самбо федерациясы (ФИАС) атқару комитетінің шешімімен Ресей, Беларусь, Франция және босқындар командалары бейтарап статуста қатысты.

10-12 қараша күндері өткен әлемдік доданың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үшінші орын алды (1 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль). Екінші орын Өзбекстанға (2 алтын, 1 күміс, 3 қола), бірінші орын бейтарап статуста сынға түскен ресейлік спортшыларға (13 алтын, 2 күміс, 3 қола) бұйырды.

Қазақстандық спортшылардың нәтижесі:

Алтын медаль:

Арайлым Әбенова (спорттық самбо, 80 кг жоғары)

Күміс медальдар:

Бажаева Маргарита (спорттық самбо, 50 кг дейін);

Қойшыбаев Еламан (спорттық самбо, 88 кг дейін).

Қола медальдар:

Әлмұханбетова Гүлдана (спорттық самбо, 54 кг дейін);

Абатова Шынар (спорттық самбо, 72 кг дейін);

Қуатай Арнұр (спорттық самбо, 71 кг дейін);

Зекенов Әлібек (спорттық самбо, 98 кг дейін);

Жиентаев Талғат (жауынгерлік самбо, 98 кг жоғары).

Фото: Азамат Әлмағамбетов/Kazinform