ЕСІМІ ДАҢҚ ЗАЛЫНА ЕНЕДІ

Уақыты: 18.04.2024
Оқылды: 375

Бұрынғы орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) халықаралық бокс даңқ залына қосылады.


 Бұл ақпаратты инсайдер және агент Рик Глейзер жеткізді. Оның айтуынша, GGG бокстағы мансабын аяқтады.
 

"Головкин міндетті түрде халықаралық бокс Даңқ залына қосылады. Ол енді кәсіби деңгейде бокс өткізбейді. Қазақстандық  өзінің кәсіпқой бокстағы керемет мансабымен мақтана алады", - деді Глейзер Legalbet.Кz порталында.

 

Алайда Головкин өзінің спорттық манбасының аяқталғанын ресми мәлімдеген жоқ.

1990 жылы ашылған Даңқ залы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының дәл іргесіндегі Канастоте елді мекенінде орналасқан. Бұл жерден атағы алысқа жайылған былғары қолғап шеберлерінен бастап, майталман мамандар мен білікті бапкерлердің, аталған спорт түрінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан айтулы азаматтар және осы тақырыпты тереңнен зерттеп әрі зерделеп жүрген тарихшылар мен журналистердің де есімдерін кезіктіруге болады.