СЕЛГЕ КЕТКЕН СЕНІМ

Уақыты: 11.08.2016
Оқылды: 1199

Рионың татамиіне сеніммен қарағаным шын­дық. Дзюдо күресінен бұған дейін екі жүлде ал­ған­быз. Се­нім артқан Елдос Сметов пен Гал­бад­рах Отгон­цецег қа­зақ еліне күміс пен қола жүл­дені салған еді. Ал­ғаш­қылардың бірі болып қор­жынымыздың бүйірін бұл­титқан дзюдо­шы­лар тағы да табысқа қол жет­кіз­еді деген ойымыз ба­сым болатын.

Сонымен 63 келі салмақта татамиге шыққан Мариям Орда­баева қазақ жанкүйерлерін қуан­­та алмады. Ташкентте өт­кен Азия чемпио­натында Жапон қызын иппонмен жеңген Мариам бұл жолы сол жетістігін қайталай алмады. Ташкент­тегі қарқынын көріп осы қыз жүл­денің біріне қол созады деген сенім басым еді. Әттеген-ай, үкілеген үмітіміз ауыз шайым­ға келмей ұтылғанда көк жәшіктің бер жағында отырған біздер санымызды соғып қал­дық. Ол татамиге шыға сала қытай қы­зына жол берді. Не­бары бір ми­нут қарсыласқан қы­зымыз қы­тай дзюдошысына қо­лы бай­ла­нып қалып, ауырту әдісімен жеңіліс тапты. Бұл салмақтың ал­тын жүлдесі сло­вениялық талант Тина Трес­тен­жакқа бұйырса, күмісті француздық Кларисс Агве­г­неной еншіледі. Қос қолаға Израйл мен Гол­ландия өкілдері қол созды.