Білектілер бәсекесі

Уақыты: 17.10.2018
Оқылды: 1161

Жуырда қазақтың ұлттық ойыны – көкпар тартудан аудандық жарыс өткізілді. Аталған жарысқа аудан көлеміндегі ауылдық округтерден 8 команда қатысты. 

Нақтылап айтсақ, олардың қатарында Ақдала, Бақбақты, Миялы, Ақкөл, Береке, Топар, Балатопар, Жиделі, Құйған ауылдарынан құралған команда болды. Тартысты әрі қызықты өткен жарыс қорытындысы бойынша жүлделі           І-ші орынды «Құйған» командасы жеңіп алса, ІІ-ші орынды «Миялы» командасы қанжығалады. Ал,         ІІІ-ші орын «Ақдала» командасына бұйырды. Жеңімпаз атанған командалар демеушілердің  ақшалай сыйлығымен, яғни, І-ші орын иегерлері 150000 теңге, ІІ-ші орын иегерлері 100000 теңге, ІІІ-ші орынға қол жеткізген команда 50000 теңгемен, сондай-ақ, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің  дипломымен, кубоктарымен марапатталды.
Көкпар соңында «Бірлік» агрофирмасының басшысы Әбдіжаппар Қыстаубаев осы шараның өтуіне демеушілік танытқан  Құйған ауылының тумасы Нұрбол Бимағанбетовке алғысын білдірді.

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
Балқаш ауданы