ШАРШЫ АЛАҢДАҒЫ БӘСЕКЕ

Уақыты: 26.01.2019
Оқылды: 1201

Аудандық спорт мектебінің ұйымдастыруымен Қарғалы ауылындағы №4 орта мектебінде бокстан жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы жарыста Жетісу өңірі мен Жамбыл облысынан 265 боксшы қолғап түйістірді.

Аудандардан 15 команда келсе, Тараз қаласынан 2, Шу ауданынан 1 команда шеберлік байқасты. Үш күнге созылған былғары қолғап шеберлері бәсекесінде жеңімпаздар анықталып, салтанатты жағдайда марапатталды. 24 келіден бастап 60-қа дейінгі түрлі салмақ дәрежесінде мерейі үстем шыққандарды атап айтсақ, ринг иелері жамбылдық Жәңгір Қуанышбаев, Еркетаң Жарқынбек, Нұржан Бегімбаев, Ерсұлтан Серікхан, Әли Ержанұлы, Ильхам Иманжанов, Зулфат Ярмухамедов, Аққайнар ауылынан Азат Ахметов, Құштар Исаұлы, Азамат Санат-ұлы чемпион атанды. Б. Қыдырбекұлы ауылынан Алмат Байдәулет, Аймұрат Ерғазыұлы, Жандос Бейсенғалиев, ұзынағаштық Өтеген Марат, Мәди Оразалы, Қарақыстақтан Жәнібек Самат, Іле ауданынан Айдарбек Құралбаев пен Оралбай Байғазы да қарсылас шақ келтірмеді. Қапшағайдан Қуаныш Әбдікәрім, Алмат Жұмабай, Әділ Жайлауханұлы, Жаркенттен Жәнібек Тұрсын, Ислам Исмайылов, Қарасай ауданы Бекболат ауылынан Ризат Тұрсынбек, Әділжан Аланұлы, Әліби Айдарханов, Жандосов ауылынан Бөкейхан Пархат, қаскелеңдік Әлижан Нұрқанат, шамалғандық Абдусамад Карим, Тараз қаласынан Асқар Қуаныш, Байтөре Серік, Омар Лестай, Икрам Сайдахаров, Шу қаласынан Сұлтан Ентай топ жарды.
 
Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы