ЖҮРГІЗУШІСІЗ ТАКСИ: НҰР-СҰЛТАНДА РОБОТ ЖАСАУДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

Уақыты: 30.10.2019
Оқылды: 1438

Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа Astana IT университетінде оқушылар арасында робототехникадан «II TU Robocon Games» бесінші республикалық чемпионаты өтуде.

Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау қалаларының 30 үздік мектеп командасы робототехника саласындағы чемпион атану үшін бір сайыс алаңына жиналды. Бес ай бойы 30 мектеп өкілі Arduino микроконтроллер негізінде екі роботты әзірлеумен айналысты. Олардың негізгі мақсаты - белгілі бір уақыт ішінде ойын алаңында берілген командаларды орындау, атап айтқанда, ақылды қала қызметіне көмектесу, нақтырақ айтқанда, қала тазалығын сақтау, саябақтардағы, шағын бақтардағы гүлзарларды күту, тез дайындалатын тағамдарды жеткізу, жүргізушісіз такси және гид қызметін көрсету.

- Оқушылар арасындағы «II TU Robocon Games» жарысы дарынды жастарды анықтап қана қоймай, робототехниканы дамытып, робот жасаудың халықаралық стандарттарына жақындатуға мүмкіндік береді, - дейді Инновациялық техникалық колледж директоры Медет Тұрғамбаев.

- Бес жыл ішінде робот жасау бойынша чемпионат жас қазақстандықтардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына өз үлесін қосты. Жарыстың көптеген қатысушылары қазақстандық және шетелдік жетекші ЖОО-на түсті. Чемпионатқа әр түрлі жастағы мектеп оқушылары қатыса алады және өздерінің ерекше роботтарын жасау кезінде қатысушыларда soft skills дағдылары қалыптасады. Қазіргі кезде оны болашақ дағдысы деп те атайды. Оған топта жұмыс істеу, жаңаша ойлау, қызметтік сауаттылық, өзгерістерге тез бейімделу және басқаларын жатқызуға болады. Бұл - чемпионаттың негізгі мақсаттарының бірі, - деп «Зере-Жанашыр» қорының директоры Майраш Тайкенова мәлімдеді. "Биыл біз Қазақстан Республикасымен табысты ынтымақтастықтың 26 жылдығын атап өтудеміз», - деп «Шеврон» компаниясының өкілі Жанар Қошпанова хабарлады. «Осы жылдар ішінде біздің әлеуметтік инвестицияларымыз ел азаматтарының әлеуетін дамытуға жұмсалды. Нақтырақ айтсақ, біз бірнеше жыл бойы техникалық білім беруді дамыту жөніндегі бағдарламаларымыздың ажырамас бөлігі болып табылатын II TU Robocon Games-ке де демеушілік жасадық», - дейді ол.

Arduino негізіндегі роботтарды жасау балаларға роботтарды құрастыру, электрониканы пайдалану және бағдарламалау дейінгі толық циклын үйретеді. Мұндай өңдеу Lego EV3 конструкторы негізінде роботтарды құрастырудан әлдеқайда күрделі және STEM-білім беру қағидаларына сәйкес келеді (S – science, T – technology, E – engineering, M – mathematics, яғни жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерия, математика). Қазақстандағы STEM-білім беруді дамыту – «Шеврон» компаниясының басты мақсаттарының бірі.

Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтар, сондай-ақ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (ХАТУ) және Astana IT university-де (AITU) оқуға гранттар мен жеңілдіктер алады.

Ұйымдастырушы: «Зере-Жанашыр» жеке қайырымдылық қоры және Инновациялық техникалық колледжі.

Серіктестер: Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті және Astana IT university

Бас демеуші: «Шеврон» корпорациясы - өз қызметін әлемнің 90-нан астам елінде жүзеге асыратын және мұнай-газ өнеркәсібінің барлық спектрінде жұмыс істейтін әлемдегі ең ірі интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. «Шеврон» Қазақстанның екі ірі кен орны – Теңіз және Қарашығанақ акцияларының пакетіне ие. Корпорация Каспий құбыр консорциумындағы ірі жеке акционер.

Байқау өтіп жатқан орын: Нұр-Сұлтан қаласы, Astana IT university (Мәңгілік ел даңғылы, С1).

Ұйымдастырушылардың байланыстары: Инновациялық техникалық колледж директоры +7(777)8075427 Медет Камалұлы, e-mail: medet.turgambayev@gmail.com. АҚ ХАТУ «Мехатроника және зияткерлік жүйелер» лабораториясының меңгерушісі +7(775)2205436 Нұрлан Берлібекұлы, e-mail: nkarimzhan@iitu.kz.

БАҚ аккредитациясы: +7(775)1351015 Сандуғаш Сандыбаева.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды