ГИМНАСТИКА: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАН 22 ЖҮЛДЕ ЕНШІЛЕДІ

Уақыты: 31.10.2019
Оқылды: 1604

Алматы облыстық №1 балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің балдырғандары көркем гимнастикадан халықаралық турнирдің жүлдегері атанды.

Өзбекстанның Шыршық қаласында өткен «VICTORY AND SPORT LIFESTYLE CUP» атты халықаралық турнирға барлығы 179 жас спортшы қатысты. Ал еліміздің намысын қорғаған спортшылар 22 жүлдені олжалап, жанкүйерлерді қуантты.

Қоржынды алтын мен күміс, қолаға толтырып қайтқан жеңімпаздарды №1 балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің директоры В.Драздов арнайы марапаттап, жеңістерімен құттықтады. Жүлделі болған гимнасшылардың нәтижесі төмендегідей:

2013 – Баракова Линара 1–орын.

2012 – Исмаилханова Жанель 1–орын.

Абдисерік Аруана 2–орын.

Друзина Полина 2 және 3–орын.

2011– Меделбекова Айару 2 – орын.

Аймухамбет Азиза 3 – орын.

Тумабаева Томирис 3– орын.

2010 – Арланқызы Алуа 3 – орын.

Бейсембай Ақерке 3 – орын.

Алпысбай Альмина 3– орын.

2009 – Төлеуғалиқызы Айым 2 және 3 – орын.

2008 – Сайлубек Маржан 1 – орын.

Жумабаева Зара 1–орын.

Рысымбет Аяулым 3 – орын.

2007 – Петина Мария 2 – орын.

Оспанова Аружан 3 – орын.

2006 – Жанат Амина 3 – орын.

Айсұлу ЧЕЛЕКЕН