30 МИЛЛИОН ДОЛЛАР: ЕҢ КӨП ЖАЛАҚЫ АЛАТЫН ЖУРНАЛИСТ

Уақыты: 18.11.2019
Оқылды: 1070

Бұл кісінің есімі - Стивен Эй Смит. ESPN телеарнасының тілшісі. Комментатор. Баскетбол маманы. NBA ойындарының әр турынан кейін болатын өзінің шоуы бар. Әлемдегі ең жалақысы жоғары екінші спорт тілшісі. Жақында ғана жаңа келісімшарт жасады. Жаңа шартнама бойынша ол жылына 8 миллион жалақы алады. Айына шамамен 800 мың доллар. Бұл аз, ба көп пе?

Біздің елімізде ең көп табыс табатын спорт тілшісі кім? Жалпы, біздің елде спорт тілшісі болу арқылы қыруар табыс табуға бола ма? Комментаторлар қанша алады? Мен бұрын бір жүргізген матчыма 8 мың теңге алатын едім. Кейін шамалы көбейді.

Сосын бізден басқа елдерде әмбебап деген комментатор жоқ. Бізде ғой таңертең бокс жүргізіп, кешке күрес жүргізіп отырасың. Негізі олай комментаторлардың деңгейі өспейтіні анық. Нақты бір спортқа маманданып, содан соң ғана ары кетсе, екі спортты қатар алып жүруге болады.

Бұйырса, келесі жылы Токио Олимпиадасы келе жатыр. Сол үшін трансляция жасайтын каналдар қазірден бастап қамдана берсе екен. Мен де негізі өзімше Олимпиадаға дайындалып жүрмін. Мүмкіндік берсе, үш спорт түрін жүргізгім келеді.

Айтпақшы, әлемдегі ең көп жалақы алатын спорт тілшісі – Джим Роум. Ол да баскетбол маманы. Радиода өзінің ток-шоуы бар. Шамамен жылына 30 миллион доллар табыс табады.

Уәлихан ҚОСАНБАЙ

"Facebook" парақшасынан алынды