"ТҰҢҒЫШ ЧЕМПИОН": ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛДІ

Уақыты: 23.12.2019
Оқылды: 1799

Алматыдағы "Сарыарқа" кинотеатрында Мəскеу Олимпиадасының жеңімпазы, қазақтан шыққан тұңғыш чемпиондардың бірі, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровтің жеңісті жолына арналған "Жақсылық" фильмінің тұсаукесері өтті.

Фильмде Жақсылық Үшкемпіровтің спорттық жетістіктері, əлем, Еуропа біріншіліктеріндегі, Олимпиада ойындарындағы жарқын жеңістері сомдалып, қалың көрерменге жол тартты. Киноның тұсаукесеріне Жақсылық Үшкемпіровтың өзі қатысып, туындының шығуымен барша көрерменді құттықтап, киноға атсалысқан барлық азаматтарға алғысын білдірді.

Тұсаукесер рәсіміне спортсүйер қауым, басқарма өкілдері қатысты. Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Ел чемпионының өмір жолынан сыр шертетін туынды Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Мерген студио" студиясының атсалысуымен жарыққа шықты.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Алматы қаласы