КОРОНАВИРУС: ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛУІ МҮМКІН

Уақыты: 23.03.2020
Оқылды: 889

Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэ биыл Токиода өтетін Олимпиада ойындары кейінге шегерілуі мүмкін екенін айтты.

Tengrinews.kz тілшісінің хабарлауынша, Үкімет басшысы Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген. Осыған дейін ол Олимпиада-2020 ойындарына қатысты соңғы шешім төрт аптаның ішінде Токиода қабылданатынын айтқан. Алайда Томас Бах Олимпиада ойындарын өткізбеу мәселесі қаралмайтынын атап өткен еді.

- Бұл менің ойындарды толық өткізу стратегияма жауап береді. Егер бұл қиын болса, біз ең алдымен, спортшыларды ойлауымыз керек. Ойындарды кейінге шегеру туралы ойлануымыз да мүмкін, - деді Синдзо Абэ. Сонымен қатар, Жапонияның Премьер-Министрі Халықаралық Олимпиада комитетімен ақылдасатынын атап өтті. Ол өз шешімін "G7" тобына мүше елдер, оның ішінде, АҚШ Президенті Дональд Трамп та қолдайды деген үмітте.

Айта кетейік, Канаданың Олимпиада және параолимпиада комитеті Токиода өтетін дүбірлі додаға спотшыларды жібермейтінін, Олимпиада ойындарын бір жылға шегеруді сұраған болатын.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"