Қызық дерек. Адам денесіндегі ең күшті бұлшық ет?

Уақыты: 25.05.2023
Оқылды: 1138

Адамның дене мүшесіне қатысты қызық дерек жетерлік. Мысалы орташа есеппен біз күніне неше сөз айтамыз?

Қазіргі таңда ғалымдардың пайымдауынша адам 1 сағатта 200 сөз айтады. Бұл - 24 сағат ішінде 4800 деген сөз. Сондықтан адам денесіндегі ең күшті бұлшық ет ол - тіл.

Сіз денеңізде 5 триллионнан 200 триллионға дейін жасушы болатынын білуші медіңіз? Осы жасушалардың 70 мыңы 1 парақты оқуға жұмсалған 1 минуттың ішінде өледі.

Ендігі кезекте жүрек туралы айтсақ. Адамның жүрегі – дененің дәл сол жағында емес. Шын мәнінде, ол кеуденің ортасына қарай орналасады.

Жасөспірімдердің жүрегінің көлемі шамамен оның жұдырығымен бірдей. Ересек адамдардың жүрек салмағы 220-260 граммды құрайды екен.

Ғалымдардың растауынша жүрек күніне 100 мың рет тоқтаусыз соғаты да, ал ең қызығы, түшкіру кезінде адамның жүрегінің соғуы тоқтап тұрады.

Жүрек бес минут ішінде шамамен 5 литр қан  айдайды екен. Бір тәулікте - 7 мың литр. Өмір бойы 176 миллион литрдан астам қан  айдап, ағзадағы 75 триллион клетканын бәрін  қанмен қамтамасыз етіп отырады.

Нұрила Кариманова,
ЖУ-дың 3-курс студенті

Сурет ғаламтордан алынды