2 жасынан бастап поэма оқыған: Баланы құрсақтан-ақ бейімдеуге болады

Уақыты: 15.06.2023
Оқылды: 555

Әң әдемі әйел – аяғы ауыр әйел. Шыныменде, осы мезетте олар ерекше құлпырып кетеді. Жүктілік кезінде әйелдердің терісі жаңа туған сәбидікіндей жұмсақ болады. Себебі ағзадағы қан мөлшері 50%-ға артады.

Бала құрсақта жатқан кезде жылайды, күледі, тіпті, билейді де. Сол үшін анасы үнемі жақсы ән тыңдап, әсерлі әңгіме айтып, тек жағымды нәрселерді ойлау керек. Ол қандай көңіл-күйде болса, баласы да сол эмоцияларды бастан кешіреді.

Жүктілік кезінде әйелдің жүрегі мен бауырының көлемі ұлғаяды. Балалардың көзі көк, сұр-көк, аспан-көк түсті көздермен туылады. «Ол баланың ағзасында меланин пигментінің жетіспеуі», – деп түсіндіреді ақ халаттылар. Егерде меланин жеткіліксіз болса, көзінің түсі көк болып қала береді. Ал меланин пигменті жеткілікті болса, онда көзінің түсі қоңырқай немесе жасыл түске өзгереді.

Баланың саусақ іздері туылғаннан кейін 3 айдан соң ғана тұрақталады. Жүкті әйелдің иіс сезу қабілеті ұлғая түседі. Кез келген иісті жақтырта бермейді. Бұл сәбиді зиян иістермен уландырмаудың әдіс-тәсілі деседі.

Сәби туғанда 300 сүйегі болады, өсе келе ол 206-ға қысқарады. Балалар басқа кездерге қарағанда көктем мезгілінде тезірек өседі. Бала жеті айға толғанша бір мезгілде жұтынып әрі тыныстай алады. Яғни еміп не су ішіп жатқанда тұншығып қалмайды.

Тағыда бір ескере кететін жағдай жүкті аналар, баланы құрсақтан бастап бейімдей алады. Жағымды әуен тыңдау, іште жатқан балаға ертегі оқу, сөз арасында баламен де тілдесу сәби үшін маңызды. Бұның бірден бір дәлелі Құралай Сейсенбекқызы:

- Негізі мен аяғым ауыр кезде армандайтынмын, сәбиім өлең оқыса, ақындыққа жақын болса, тым құрымағанда сөз мәйегін түсінетін бала болса екен деп. Сөйтіп жүргенімде дәрігерлер баланы құрсақтан бастап тәрбиелеуге, дамытуға болатыны жайлы айтты. Сол күннен бастап «Абай жолын», Мұхтар Шахановтың өлеңдерін көп оқыдым, іштей сәбиім мені тыңдайтынына сендім. Солай дүниеге тұңғыш қызым Диляра келді. 2 жасынан бастап Мұхтар Шахановтың 50 шумақ поэмаларын оқып, ақырындап жатқа айта бастады, - дейді.

Нұрила Кариманова,
Жетісу университетінің гуманитарлық факультеті,
журналистика кафедрасының студенті.
Фото: көрнекілік үшін