"Шетелдік арналарға ақша төлеуді тоқтатамыз": Вице-министр соңына дейін шешілуі тиіс мәселе көтерді

Уақыты: 13.09.2023
Оқылды: 691

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов әлеуметтік-мәдени даму комитет отырысында көрші телеарналарға ақша төленетіндігін айтты. 

«Ресейлік телеарна көрмек түгіл біз оларға ақша төлейміз. Яғни біз «У-ды» өзіміз сатып аламыз. Ең алдымен төлем мәселесін шешу керекпіз. Мысалы, кабельдік операторға айына 5 мың теңге төлейсіз. Олар соның 3 мың Ресейге беруі тиіс. Ең алдымен осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Алдағы уақытта шетелдік арналарға ақша төлеуді тоқтатамыз. Ал отандық арналар керсінше Alma TV сияқты кабельдік операторларға өздері төлейді. Жыл соңына дейін осының шешуіміз керек», - дейді Қанат Ысқақов.

Дереккөз: Qaz365.kz