Өзара ынтымақтастық

Уақыты: 16.09.2018
Оқылды: 1143

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрлан Олжабаев аумақтық басқарма мемлекеттік қызметкерлерімен семинар-жиын өткізді.

Оған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің өкілдері, мемлекеттік органға жиі жүгінетін үкіметтік емес ұйымдар мен «Нұр Отан» партиясының мүшелері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері және қала тұрғындары қатысты. 
Семинарда мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасалып, анонимді сауалнама талданды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтарды жеке қабылдау жүргізілді. 
– Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласында болып жатқан өзгерістердің мәнін түрлі себепке байланысты толық түсіне бермейді. Нәтижесінде шешімдер қабылдау немесе заңмен бекітілген өз құқықтарын қорғау барысында күмәндар туындайды. Осыған орай, мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге консультативтік көмек көрсету Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген негізгі функциялардың бірі болып табылады, – дейді Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрлан Олжабаев. 
Басқосуда облыстық  қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен «Экологиялық одақ «Байтақ Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы бойынша филиалы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Меруерт МОЛДАҒАЛИЕВА