Талдықорған: +22°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенім мен әділет кепілі

12.07.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Сенім мен әділет кепілі

akorda.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекеттің қуаты мен тұрақтылығы – оның заңдарының әділдігінде және сол заңдардың қарапайым халықтың өміріне тигізер оң әсерінде өлшенсе керек. Бүгінде еліміз саяси жаңғыру мен экономикалық серпілістің жаңа кезеңіне қадам басты. Осы орайда, мемлекет пен адам арасындағы қарым-қатынас қалай түзілуі керек? Бұл сұрақтың жауабы біздің Ата Заңымыздың алғашқы баптарында нақты жазылған. 

Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Елдегі ең маңызды шешімдер халықтың қатысуымен қабылданады. Бұл құқық екі негізгі жолмен, атап айтқанда, сайлау және референдум арқылы жүзеге асады. Сайлау арқылы азаматтар өз өкілдерін таңдаса, референдумда халық маңызды мәселелерді тікелей өзі шешеді. Бұл – әрбір азаматтың ел басқаруға қатысу құқығы бар екенін айқындайды. Қазақстан, сонымен бірге, әлеуметтік мемлекет, яғни білім алу, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау сияқты маңызды салаларға тікелей мемлекет жауап береді. Мәселен, 2026 жылға арналған Жетісу облысы бюджетінің жалпы шығыс көлемі 633,1 млрд. теңгені құраса, оның басты басымдығы толықтай әлеуметтік салаға арналған.Нақтырақ айтсақ, әлеуметтік салаға 325,3 млрд. теңге немесе жалпы бюджеттің 51,4 пайызы бағытталып отыр. Оның ішінде ең ірі бағыт саналатын білім беру саласына 221,2 млрд. теңге (34,9%) бөлінсе, денсаулық сақтау саласына 22,9 млрд. теңге (3,6%), әлеуметтік көмекке 41,8 млрд. теңге (6,6%), ал мәдениет және спорт бағытына 39,5 млрд. теңге (6,2%) қарастырылған. Бұл мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары бәрінен жоғары тұратынының нақты көрінісі.

Осынау жауапты кезеңде құрылған Конституциялық комиссияның мүшесі ретінде ел тарихындағы осындай үлкен бұрылыстың ортасында болып, әрбір маңызды шешімнің қалай қабылданғанына куә болдым. Комиссия отырыстарында заң шығару үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында Президенттің заң күші бар жарлықтар шығару өкілеттігі бекітіліп, халықаралық және ішкі байланыстарды нығайту үшін жаңадан Вице-президент институты құрылды. Сонымен қатар Ата Заңның ең басты жаңалығы ретінде 145 депутаттан тұратын, кеңейтілген өкілеттіктері бар және пропорционалды жүйемен 5 жылға сайланатын бір палаталы жаңа Парламент – Құрылтай құрылады. Мұнымен қоса, заң шығару бастамасы құқығына ие жоғары консультативтік орган – Қазақстанның Халық Кеңесі өз жұмысын бастайды.

Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі – оның толықтай адам құқықтарына бағдарлануы. Тұңғыш рет Әділеттілік, Заң мен Тәртіп қағидаттары конституциялық деңгейде шегеленді. Ел мен елді, адам мен адамды теңестіретін де, шендестіретін де – білім мен ғылым екені рас. Білім мен ғылым дәуірінде өркениетті елдердің алдыңғы қатарында болу үшін ғылымы дамыған, ғалымдары танылған, білімді ұрпақ қажет. Сондықтан білім, ғылым және инновация жаңа Конституцияның преамбуласында ерекше орын алып, мемлекеттің негізгі даму бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Себебі елдің құдіреті мен қуаты оның интеллектуалдық әлеуетіне тікелей байланысты. Конституцияда әр азаматтың білім алуға құқығына кепілдік берілетіні жазылған.

Биыл 7 шілдеде жарияланған Конституциялық Соттың шешімі Ата Заңның рухына да, әр бабына да толық сәйкес келеді. Жаңа құжат жаңа құқықтық кеңістік қалыптастырды. Яғни, мемлекеттің бүкіл құқықтық жүйесі қайта жаңғыртылды. Сондықтан бірқатар лауазымды тұлғаларды тағайындау немесе сайлау мерзімдерінің қайталануына қатысты норманы осылайша түсіндіру – толықтай дұрыс әрі қисынды. Конституциялық Соттың түсіндірмесі – жаңа Конституция нормаларын еркін әрі әрқилы түсіндіру қаупін жоятын, уақытылы әрі дұрыс қабылданған шешім және бұл қандай да бір лауазымды тұлғаны автоматты түрде тағайындауды немесе сайлауды білдірмейді. Ол тек қайтадан тағайындалуға немесе сайлануға құқықтық мүмкіндік бар екенін айқындайды. Осыған байланысты, Конституция күшіне енгеннен кейін екі ай ішінде алты жоғары лауазымды тұлғаны қайта тағайындау көзделген. Олар: Бас прокурор, Ұлттық банк төрағасы, Жоғарғы сот төрағасы, Жоғары сот кеңесінің төрағасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Жаңа Ата Заң – бүкіл қоғамды біріктіретін жалпыұлттық идея мен құндылықтардың басты іргетасы. Кейінгі жылдары мемлекет жүргізіп отырған жүйелі реформалардың оң ықпалы өңірлердің дамуынан да айқын байқалып келеді. Елімізде өңірлік экономикаға тың серпін беріліп, инвестициялық белсенділік артып, әлеуметтік мәселелерді шешуге жаңа мүмкіндіктер ашылды. Бұл тұрғыда облыстың даму көрсеткіштері де ерекше назар аударуға тұрарлық. Бүгінде еліміздің барлық өңірінде экономикалық өсімді қамтамасыз ету, инвестициялық белсенділікті арттыру және халыққа қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мысалы, өңірде ауыл шаруашылығы саласында дақылдар 511 мың гектар алқапқа орналастырылып, 1,8 млн. тонна өнім жиналды. Ал мал басы 2,3 млн-ға жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 10 пайызға артты. Осы ретте агроөнеркәсіп пен өңірді дамытудың негізгі тетігі ретінде ауыл шаруашылығы саласына 64,7 млрд. теңге бағытталып отыр. 2025 жылы Жетісу облысына 611 млрд. .теңге инвестиция тартылуына септігін тигізді. Биыл бұл көлемді 677 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Бұл қолдау өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, экономикалық белсенділіктің күшеюіне ықпал етті.

Инвестициялар мен бюджеттік қолдаулардың арқасында өңірдегі инфрақұрылымдық даму да айтарлықтай нәтиже берді. Облысты дамыту бюджеті аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына 98,9 млрд. теңге, ал көлік және коммуникациялар жүйесіне 61,6 млрд. теңге бағытталған. Осындай ауқымды қолдаудың арқасында бүгінде облыстағы 329 елді мекен немесе жалпы ауылдардың 93 пайызы орталықтандырылған ауызсумен қамтылды. Ал газдандыру деңгейі облыс құрылған кезеңдегі 27 пайыздан қазіргі таңда 67 пайызға өсіп, 467 мың тұрғын табиғи газ игілігіне қол жеткізді. Инфрақұрылымның жақсаруы өз кезегінде туризм саласының да серпінді дамуына жол ашты. Соңғы үш жылда бұл салаға мемлекеттік бюджеттен 58,5 млрд. теңге бөлініп, бүгінде өңірге жыл сайын 2 млн-нан астам турист келетін деңгейге жетті. Осындай экономикалық табыстар халықты әлеуметтік қолдау шараларын да кеңейтуге мүмкіндік беріп, әлеуметтік төлемдердің 25 түріне 20 млрд. теңге, еңбек нарығын дамытуға 8,9 млрд. теңге және әлеуметтік көмек көрсетуге 10 млрд. теңге бағытталды.

Осындай нәтижелерге қол жеткізу – мемлекеттік басқару жүйесіндегі үйлесімділіктің, кәсіпкерлік бастамалардың және ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген азаматтар мен қоғамдық институттардың ортақ үлесінің айқын көрінісі. Кез келген өңірдің дамуы – ең алдымен сол аймақтағы азаматтардың белсенділігіне, мемлекеттік органдардың жауапкершілігіне және қоғамның бірлігіне байланысты. Халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп текке айтпаған. Өйткені мемлекеттің қуаты мен тұрақтылығы әрбір өңірдің даму деңгейінен, әрбір азаматтың ортақ іске қосқан үлесінен қалыптасады. Бүгінде облыста жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалар мен жүйелі реформалар – жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, халық игілігіне бағытталған нақты істердің көрінісі. Мұндай нәтижелер еліміздің барлық өңірлерінде еселенген сайын, Қазақстанның экономикалық әлеуеті артып, болашағының берік негізі қалана береді. Жаңа Конституция – осы ортақ мақсатқа бастайтын құқықтық әрі рухани тұғыр ретінде азаматтардың құқықтарын қорғауға, әділетті қоғам қалыптастыруға және өңірлердің тұрақты дамуына жаңа серпін берді.

Гүлнәр Тойлыбаева
облыстық мәслихат төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

12.07.2026
Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

12.07.2026
Ата-ана, саған айтам…

Ата-ана, саған айтам…

12.07.2026
Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

12.07.2026
ISMA. Қайрат. Талант.

ISMA. Қайрат. Талант.

12.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.