Әу баста УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеуінен бастап, 3-ші кезеңде жеңіліп, одан Еуропа лигасында ойнаған «Қайрат», бұл турнирден де шет қалды. Ендігі үміт – Конференция лигасы. Бүкіл қазақ футболының кейінгі жүгін арқалап жүрген «Қайрат» УЕФА Конференция лигасының негізгі кезеңінде сынға түседі.
«Қайрат» Еурододадағы жорығын Чемпиондар лигасының іріктеуінен бастады. Алғашқы ойында черногорияның «Сутьеска» командасын жеңіп (4:1 – 2:1, 2:0), екінші айналымда кипрдің «Омониясымен» негізгі уақытта жалпы есеп бойынша тең түсіп (1:1 – 1:0, 0:1), пенальти сериясында 6:5 есебімен ұтты. Ал үшінші кезеңде болгарияның «Левски» командасынан жеңілді (0:2 – 0:1, 0:1). Осылайша Еуропа лигасының ірікетеуінде плей-офф сатысына түсіп, «Андерлехтпен» ойнады. Алматылықтар бельгиялық командадан екі ойындада ұтылды (0:6 – 0:3, 0:3). Жауапты кездесулерде жеңілген «Қайрат» Конференция лигасының жалпы кезеңіне түсті.
«Андерлехт» қақпасының кілтін таба алмадық. Алайда өз қақпамызға жауапсыз 6 гол жібердік. Белгілі спорт комментаторы, футболдың стастикасын түзіп отыратын Есей Жеңісұлы қызық мәліметтерді айтты.
– Дәл қазір «Қайраттың» еурокубоктардағы доп айырмасы — 0. Яғни қарсыластар қақпасына 100 доп соқты, өз қақпасына 100 доп жіберді. Биылғы маусымға дейін қазақстандық клубтар арасында еурокубоктарда доп айырмасы оң «Қайрат» қана еді. Былтырғы ЧЛ алматылық команданы аяған жоқ: Реал – 5; Спортинг пен Брюгге – 4; Копенгаген мен Арсенал- 3 доптан тоғытты. Жаңа маусымда бұл эстафетаны «Андерлехт» жалғап әкетті. Сонымен, енді «Қайрат» та минусқа кетуі мүмкін. Алматылықтар 100 допты 77 ойында соқты және жіберді, – дейді ол.
УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіне қатысатын 36 команда белгілі. Алғашқы ойын 15–қазанда, ал соңғы тур 17– желтоқсанға жоспарланған. Барлығы 6 матч болады (3 ойын өз алаңымызда, 3 кездесу сыртта).
«Жетісу-Ақпарат».





