Талдықорған: +35°C
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

Есірткі есіртпесін

20.07.2026
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП
Есірткі  есіртпесін

Полиция департаменті

WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінгі қоғамның жанын жегідей жеп, ұлттың ұстынын шайқалтатын кеселдің бірі – есірткі. Ол бір адамның өмірімен шектелмей, ұлт тағдырына сызат түсіріп, елдің ертеңіне қауіп төндіреді. Сондықтан кеселдің алдын алу – құқық қорғау органдарымен қатар күллі қоғамның ортақ міндеті.

Осы мақсатта облыстық ішкі саясат басқармасының, «Jetіsу jastarу» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен «Аяулы алақан» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен «STOP Crime – STOP Drugs» атты профилактикалық түнгі рейд ұйымдастырылды.

Шараның түпкі мақсаты – жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алып, есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына тосқауыл қою, сондай-ақ, жас буынның құқықтық сауатын арттыру. Осы ретте рейдке қатысушылар Талдықорғандағы ойын-сауық орындарын, дәмханалар мен мейрамханаларды, барлар мен түнгі клубтарды, компьютерлік ойын орталықтарын және жастар жиі бас қосатын қоғамдық орындарды аралап, тұрғындармен жүздесті. Кездесу барысында қолданыстағы заңнама талаптары кеңінен түсіндіріліп, есірткінің адам ағзасына тигізер зардабы, оның заңсыз айналымының құқықтық салдары және қауіпсіз мінез-құлық қағидалары жөнінде мазмұнды ақпарат берілді. Жұртшылыққа «Есірткіге жол жоқ!» атты ақпараттық жадынамалар үлестірілді. Алғашқы түсіндіру жұмыстары «Арбат» алаңынан бастау алып, кейін «Zion» ойын-сауық орталығында, «Banka Bar»-да және орталық алаңда жалғасын тапты. Мамандар тұрғындарды жеңіл жолмен табыс табуға жетелейтін күмәнді ұсыныстардан сақ болуға үндеп, есірткі қылмысының арты ауыр жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Дастан Мырзақұловтың айтуынша, есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуде.

– Облыс көлемінде «Есірткісіз қоғам» атты профилактикалық іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылып келеді. Арнайы әзірленген жадынамалар арқылы тұрғындарға есірткі қылмысының жауапкершілігі, заң талаптары және оның алдын алу жолдары түсіндіріледі. Жыл басынан бері аймақта есірткіге қатысты 106 қылмыстық іс тіркелді. Дегенмен өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш төмендеді. Былтыр есірткі қылмысы бойынша кәмелетке толмаған үш жасөспірім жауапкершілікке алынса, биыл мұндай дерек тіркелген жоқ. Бұл – алдын алу жұмыстарының нәтижесі, – деді полиция майоры.

Рейд барысында кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Облыстық еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары Еркін Дәулетұлы жазғы демалыс ке- зінде жұмысқа орналасатын жасөспірімдердің заңмен қорғалуы аса маңызды екенін айтты.

Оның сөзінше, өткен жылы елімізде балалардың еңбек құқықтарының бұзылуына қатысты бірнеше дерек анықталған. Кейбір жұмыс берушілер кәмелетке толмағандарды еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдап, жалақысын толық төлемеген, тіпті өндірістік жарақат алған жағдайлар да кездескен. Осыған байланысты мамыр айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өңірлік департаменттерге профилактикалық рейдтер ұйымдастыру жөнінде тапсырма берген.

– Егер жұмыс беруші қызметкермен еңбек шартын жасаспаса, заңнамаға сәйкес 150 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Мұндай заңбұзушылық қайталанса, жауапкершілік одан әрі күшейеді. Қуаныштысы, бүгінде өңірде мұндай құқықбұзушылық тіркелген жоқ. Дегенмен алдын алу шаралары үздіксіз жалғасады, – деді ол.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі – «Zhetysu Digital Anti-Drug Hub» әлеуметтік жобасының жетекшісі Жансерік Байденов қоғамда есірткіге қарсы берік ұстаным қалыптастырудың маңызына тоқталды. Оның пікірінше, әрбір азаматтың бойында есірткіге қарсы ішкі иммунитет орнықпайынша, бұл індетпен күрес толық нәтижесін бермейді. Әсіресе жастарды жеңіл табысқа қызықтыратын заңсыз әрекеттердің ақыры өкінішке ұласатынын ұғындыру – басты міндеттердің бірі.

Елдің ертеңі – жастар. Ұрпақтың санасы сергек, болашағы баянды болуы үшін зиянды әдеттерге қарсы күрес бір сәтке де толастамауы тиіс. «Жақсының шарапаты тиер, жаманның кесапаты тиер» деген аталы сөздің астарында үлкен мән жатыр. Ендеше, есірткісіз қоғам қалыптастыру – әрбір азаматтың азаматтық парызы. Саналы ұрпақ тәрбиеленген жерде ғана елдің еңсесі биік, болашағы баянды болмақ.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары

Әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары

03.08.2026
Тарихи сабақтастық

Бірлік бар жерде…

03.08.2026
ІІМ Telegram арнадағы жаңа алаяқтық тәсіл туралы ескертті

Ескелді ауданында 6 айда қылмыс төмендеген

03.08.2026
Шілде айында азық-түлік және тұрмыстық техника бағасы арзандады

Шілде айында азық-түлік және тұрмыстық техника бағасы арзандады

03.08.2026
Бейнеу – Сексеуіл жолы: Жаңа көлік дәлізі іске қосылды

Бейнеу – Сексеуіл жолы: Жаңа көлік дәлізі іске қосылды

03.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.