Талдықорған: +11°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Баспана бақыты

23 шілде 2026
КҮНДЕРЕК
Баспана бақыты
WhatsAppTelegramFacebook

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, тұрғындарды қолжетімді әрі қауіпсіз баспанамен қамтамасыз ету мәселесін мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындап келеді. Осы тапсырманы жүйелі жүзеге асыру мақсатында Талдықорған қаласында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның жарқын дәлелі – апатты тұрғын үйлерде тұрған азаматтарды жаңа қонысқа көшіру ісінің кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы.

Талдықорған қаласы әкімдігінде 17 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталып, талай жылдан бері апатты баспананың тауқыметін тартып келген тұрғындардың көптен күткен арманы орындалды. Жаңа пәтер иелерін қала әкімі Ернат Бәзіл қоныстоймен құттықтап, жайлы әрі қауіпсіз баспанамен қамту – мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, тұрғын үй жағдайын жақсарту – Мемлекет басшысының тұрақты назарындағы мәселе. Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қолдауымен бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасып келеді. Біздің басты мақсатымыз – апатты үйлерде тұратын тұрғындардың мәселесін толық шешіп, олардың қауіпсіз әрі жайлы жағдайда өмір сүруіне мүмкіндік жасау, – деді Ернат Дүйсенбекұлы.

Жаңа қоныс иелері «Береке» коттедж қалашығынан, «Жастар-1/1» және «Жастар-3» шағын-аудандарынан тұрғын үй алды. Бұл үйлер қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Өткен жылы қала әкімдігі апатты үйлердің тұрғындарын көшіру мақсатында 16, биыл 21 тұрғын үй сатып алды. Жыл соңына дейін жалпы 29 отбасы жаңа баспанамен қамтылады деп жоспарлануда. Осылайша, Талдықорған қаласындағы апатты үйдің тұрғындарын көшіру мәселесі толықтай шешімін табады.

Бұл күн – жаңа қоныс иелері үшін ерекше қуанышқа толы сәт болды. Солардың бірі – 81 жастағы Жанатай Сүгірбаева. Ол жиырма жылдан астам уақыт бойы апатты үйде өмір сүрген. Қолына жаңа пәтердің кілтін алған кейуана қуаныштан тебіреніп, ақ батасын берді.

Ел іргесі аман, жұртымыз тыныш болсын. Халқымыздың тұрмысы жақсарып, жастарымыздың болашағы жарқын болып, бастаған істеріне береке берсін. Осындай игі істің басы-қасында жүрген азаматтарға аналық жүрегіммен алғыс айтамын, – дейді қуаныш иесі.

Қоныстойын тойлағандардың қатарында Наталья Дроздова да бар. Ол жаңа баспананың қаншалықты маңызды екенін ерекше толқыныспен жеткізді.

Біз 40 жыл бойы апатты үйде тұрдық. Соңғы 10 жылда өмір сүру өте қиынға соқты. Қабырғалар жарылып, үйдің тозығы жетті. Бүгін, міне, жаңа үйдің кілтін алып, ерекше қуанышқа бөленіп отырмыз. Соңғы жылдары Талдықорғанның көркейіп, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың бой көтеріп жатқанын көріп, қуанамыз. Осындай қамқорлық танытқан қала басшылығына және осы іске атсалысқан барлық азаматқа шынайы ризашылығымымды білдіремін, – деді ол.

Талдықорғандықтардың көптен күткен арманы орындалды. Олар енді қауіпсіз, жайлы әрі заманауи баспанада жаңа өмірге қадам басты.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Ауылдарда өрт сөндіру бекеттері 323-ке жетті

Ауылдарда өрт сөндіру бекеттері 323-ке жетті

Бүгін, 09:28
270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.