Талдықорған: +10°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жастар қымбат тойдан бас тарта бастады

23 шілде 2026
КҮНДЕРЕК
Жастар қымбат тойдан бас тарта бастады

nevestam.by

WhatsAppTelegramFacebook

Жастардың бір бөлігі дүркіреген тойдан бастартты. Олар жиналған миллиондаған қаржыны баспана алуға, жеке кәсіп ашуға және өзге де ұзақ мерзімді мақсаттарға бағыттауды құп көреді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Соңғы жылдары елде шағын форматтағы отбасылық жиындарға сұраныс едәуір артты. Сәнден сәнге ауысқан бұл тренд жастардың қаржылық сауаттылығы өскенін айқын көрсетеді. Мамандардың пікірінше, бұл үрдіс жас отбасылардың болашағына нық сеніммен қарауына мүмкіндік береді.

Той ұйымдастырудағы ең үлкен шығынның бірі – қалыңдық көйлегі. Тіпті оны сатып алу, жалға алу немесе арнайы тіктірудің өзі қомақты қаражатты талап етеді. Сұранысқа қарай киімнің бағасы бірнеше жүз мың теңгеден басталып, миллиондаған теңгеге дейін барады.

«Бизнес салонымызда көйлектер бағасы 350 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін белгіленген. Жалға беру құны 150-600 мың теңге төңірегінде. Барлығы брендке, матаның сапасы мен жеткізілуіне байланысты», – дейді той салонының директоры Гүлзат Дүйсембаева.

Десек те, мейрамхана, фотограф, видеограф, залды безендіру және жүргізуші сияқты қызметтердің қымбаттығына қарамастан, кейбір жастар артық шығынды қысқартуды ұйғарған.

Осындай батыл қадамға барғандардың бірі – Мадина Елтаева. Олар жубайымен бірге шағын қуаныш өткізген. Мейрамханада бір адамның орыны 5 мың теңге болса, көйлек платформадан 20 мың теңгеге табылған.

«Барлық шығын 320 мың теңгені құрады. Оған мейрамхана, көйлек пен торт кірді. Ал туысқандарымыз бен достарымыз түсірілім мен жүргізушілік қызметті сыйға тартты. Үнемделген қаржының арқасында қолма-қол ақшаға алғашқы баспанамызды алдық. Қазір үйді кеңейтіп, 3 жеке кәсіп жүргізіп отырмыз», – дейді Мадина.

Еліміздің тағы бір тұрғыны Аяжан да 7 млн теңге кететін салтанатты тоқтатып, қаржыны үй алуға бағыттаған. Жастар тек жақын жақындарының басын қосып, неке қию мәселесін шешкен.

Жаз айларында мейрамханаларда бір адамға шаққандағы құн 20-40 мың теңге аралығында құбылады. Соған қарамастан, үлкен залда 200-250 адамға емес, 50-150 адамға арналған ықшам форматты таңдайтындар көбейген.

Қатысты жаңалықтар

Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Нұрлыбаев Нұрберген Баяхыметұлы

Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Нұрлыбаев Нұрберген Баяхыметұлы

Бүгін, 16:56
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мейірбекова Раушан  Білісбекқызы             

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мейірбекова Раушан  Білісбекқызы             

Бүгін, 16:56
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мұсаханов Нұрсұлтан Тастандыұлы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мұсаханов Нұрсұлтан Тастандыұлы

Бүгін, 16:52
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қайратов Жанат Қайратұлы 

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қайратов Жанат Қайратұлы 

Бүгін, 16:51

Бүгін, 16:49

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.