Бүгін Алакөл ауданында Спорт күніне орай шағын футболдан аудандық турнир өтті. Жарысқа ауданның елді мекендерінен 10 команда қатысып, спорттық шеберліктерін ортаға салды. Командалар тартысты ойын көрсетіп, жүлделі орындар үшін өзара бақ сынасты.
Турнир қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Үшарал командасы
🥈 ІІ орын – Бескөл командасы
🥉 ІІІ орын – Алатау командасы
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубок, медальдар және алғыс хаттар табысталды.
Спорттық шараның негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және аудан тұрғындарын спортпен тұрақты айналысуға ынталандыру.





