Талдықорған: +32°C
$ 462.22
€ 536.50
₽ 5.43
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Мемлекет қолдауы жарқын өмір кепілі

20.08.2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК
Мемлекет қолдауы жарқын өмір кепілі

Ашық дереккөз

WhatsAppTelegramFacebook

Әлеуметтік саланың ауқымын тек бөлінген қаржы мен көрсетілген қызмет көлемі арқылы бағалау жеткіліксіз. Өйткені әрбір көрсеткіштің соңында адам тағдыры тұр. Біреу үшін жаңа жұмыс орны – отбасының тұрақты табысы болса, енді бірі үшін қиын кезеңнен шығуға берілген мүмкіндік. Ал ерекше қажеттілігі бар азамат үшін оңалту құралы немесе жеке көмекші қызметі – күнделікті өмірін жеңілдететін маңызды қолдау.

Аймақта әлеуметтік саясаттың негізгі өзегі де осыған бағытталған. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сәния Наурызбаеваның мәліметінше, өңірде халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, мүгедектігі бар азаматтарды оңалту, отбасыларды қолдау және аға буынның белсенді өмір сүруіне жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Адамның өз еңбегімен тапқан табысынан артық кепілдік жоқ. Сондықтан жұмыспен қамту мәселесі өңірдегі әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі.

Биыл Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 19 200 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Оның 11 837-сі тұрақты жұмыс орындары болуы тиіс. 1 тамыздағы жағдай бойынша облыста 14 504 жұмыс орны құрылып, жоспар 75,5 пайызға орындалған. Оның ішінде 8 200 жұмыс орны – тұрақты.

Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы да осы мақсатқа қызмет етуде. Жыл басынан бері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 14 363 адам қамтылып, 10 599 азамат жұмысқа орналасқан. Оның 5 032-сі тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл сандарға журналист көзімен қарағанда, ең алдымен бір нәрсе байқалады. Жұмыспен қамту көрсеткіші – жай ғана есеп емес. Әрбір жұмыс орнының сыртында отбасының күнкөрісі, баланың қажеті, ата-ананың алаңсыздығы тұр. Сондықтан тұрақты еңбекке араласқан әр азамат – әлеуметтік тұрақтылықтың бір кірпіші.

Өмірде әр отбасының жағдайы бірдей емес. Біреудің табысы азайса, енді бір отбасы күтпеген қиындыққа тап болуы мүмкін. Осындай кезде әлеуметтік қолдау жүйесінің қаншалықты қажет екені байқалады.

Жыл басынан бері облыста аз қамтылған 28,7 мыңнан астам азаматқа 2 млрд. 190,6 млн. теңге көлемінде түрлі әлеуметтік көмек көрсетілген. Оның ішінде ауылдық жерлерде білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт және ветеринария салаларында еңбек ететін 4 322 маманға отын сатып алуға 93,5 млн. теңге әлеуметтік көмек төленген. Төтенше жағдай немесе өрт салдарынан қиындыққа тап болған жеті отбасыға 6 млн. теңге біржолғы көмек көрсетілген.

Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін 512 балаға 29,2 млн. теңге төленсе, әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын 299 азаматқа 37,5 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілген. Атаулы әлеуметтік көмекке 2 790 отбасы, яғни 15 047 отбасы мүшесі қамтылып, оларға 1млрд. 345,2 млн. теңге төленген. Бұдан бөлек, АӘК алушы отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі 4 606 баласына 147,3 млн. теңге қосымша көмек берілген.

Мұндай көмектің мәнін бір ғана сөзбен түсіндіру қиын. Ол – қиындыққа тап болған отбасыға уақытша сүйеніш. Бірақ, әлеуметтік саясаттың түпкі мақсаты – адамды үнемі көмекке тәуелді ету емес, керісінше, оның жағдайын тұрақтандырып, өз аяғынан тұруына мүмкіндік беруі тиіс. Сондықтан әлеуметтік көмек пен жұмыспен қамту шараларының қатар жүруі өте маңызды.

Облыста барлығы 25 689 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оның ішінде I топта – 2 871, II топта – 10 121, III топта – 9 212 адам. Ал 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың саны 3 485. Биыл аймақта мүгедектігі бар азаматтарды оңалтуға 4,3 млрд. теңге бөлінген. Тамыздағы жағдай бойынша техникалық оңалту құралдарына мұқтаж 14 842 адамның 11 441-і қажетті құралдармен қамтылған. Бұл – 76,6 пайыз. Республика бойынша орташа көрсеткіш 74,4 пайыз екенін ескерсек, облыстағы нәтиже жоғары деңгейде.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы азаматтарға санаторлық-курорттық емделу, арнайы қозғалыс құралдары, протездік-ортопедиялық бұйымдар, тифлотехникалық, сурдотехникалық, гигиеналық құралдар, жеке көмекші және ымдау тілі мамандарының қызметтері ұсынылады.

Кейбір сандарға назар аударсақ, жеке көмекші қызметімен қамту 98,8 пайызға, ымдау тілі мамандарының қызметімен қамту 96,2 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіштердің маңызын тек пайызбен өлшеу дұрыс емес. Өйткені бір адамның жеке көмекші қызметіне қол жеткізуі – оның күнделікті тіршілігін жеңілдетуі мүмкін. Ал ымдау тілі маманының көмегі есту қабілеті шектеулі азаматтың қоғаммен еркін байланысуына жол ашады. Демек, оңал-ту – тек медициналық немесе әлеуметтік қызмет емес, адамның қоғамдағы дербестігін арттырудың құралы.

Облыста арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 13 орталықта 1 588 орын бар. Мұнда қарттар мен мүгедектігі бар азаматтардан бастап, психоневрологиялық ауытқулары бар адамдарға және ерекше қажеттілігі бар балаларға дейін түрлі санаттағы азаматтарға қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар 20 бөлімше жұмыс істеп, 2 110 адам әлеуметтік қызмет алуда. Оның ішінде 770 адамға психоневрологиялық аурулары бар балалар мен 18 жастан асқан азаматтарға арналған бөлімшелерде қызмет көрсетілсе, 1 340 жалғызбасты және жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға көмек беріледі.

Әлеуметтік қызметкердің жұмысын сырттай бақылаған адам оның күнделікті міндетін қарапайым қызмет деп қабылдауы мүмкін. Ал шын мәнінде бұл – үлкен жауапкершілік. Кейде жалғыз тұратын қарт адамның жағдайын сұрап, үйіне барып, тұрмыстық мәселесіне көмектесудің өзі оның өзін қоғамға қажет сезінуіне ықпал етеді. Сондықтан әлеуметтік қорғаудың ең маңызды өлшемдерінің бірі – адамның жалғыз қалмауы.

Жетісуда аға буын өкілдеріне арналған алты «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» жұмыс істейді. Талдықорғандағы 270 орынды орталық 2024 жылы іске қосылған. Ал 2025 жылдың мамыр-тамыз айларында Сарқан, Алакөл, Көксу және Панфилов аудандарында осындай орталықтар ашылған. Бүгінде бұл орталықтарға күн сайын 500-ден астам зейнеткер келеді. Бұл – көңіл қуантатын көрсеткіш. Өйткені адамның зейнетке шығуы оның қоғамнан шет қалуы деген сөз емес. Керісінше, өмірлік тәжірибесі мол азаматтардың өзара араласуы, спортпен шұғылдануы, білім алуы, мәдени шараларға қатысуы – олардың белсенділігін сақтауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік саясаттың адамға бағытталғанын осындай жобалардан да көруге болады.

Әлеуметтік мәселелердің алдын алуда «Жанұя» отбасын қолдау орталықтарының орны ерекше. Жыл басынан бері облыстағы орталықтардың қызметкерлері 8 224 отбасына консультациялық кеңес беріп, көмек көрсеткен. Нақты қажеттілігі анықталған 2 674 отбасы қамқорлыққа алынған. Оларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетіліп, қажетті қолдау түрлері ұйымдастырылған. Бүгінде 207 отбасына көмек көрсету жұмыстары жалғасуда.

Мұндағы негізгі қағида – мәселені асқынғаннан кейін емес, ертерек анықтау. Бұл өте маңызды. Өйткені отбасының мәселесі дер кезінде байқалса, оның үлкен әлеуметтік проблемаға айналуының алдын алуға болады. Кейде бір дұрыс кеңес, бір маманның көмегі немесе уақытылы көрсетілген әлеуметтік қолдаудың өзі отбасының жағдайын өзгертуі мүмкін. Сәния Дүйсенбіқызы ұсынған деректерге зер салсақ, Жетісуда әлеуметтік саясаттың бір ғана бағытпен шектелмейтінін көреміз. Мұнда жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, оңалту, арнаулы қызмет, отбасын қолдау және аға буынның белсенді өмірі бір-бірімен сабақтасып жатыр.

Ең бастысы – осы жұмыстардың барлығының түбінде адам тағдыры тұр. Біреуге жұмыс керек. Бір отбасына уақытша әлеуметтік көмек қажет. Бір балаға оңалту қызметі маңызды. Бір қартқа көңіл бөліп, жағдайын сұрайтын адам қажет. Ал кейбір отбасыларға мәселені шешудің дұрыс жолын көрсететін маманның кеңесі жеткілікті болуы мүмкін. Сондықтан әлеуметтік саясаттың нәтижесін тек миллиардтармен немесе пайыздармен өлшеу жеткіліксіз.

P.S. Облыста қолға алынған жобалар мен көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектің мәні де осында. Мемлекеттік қолдау нақты адамға жетіп, оның қиындықтан шығуына, еңбек етуіне, қоғамға араласуына мүмкіндік берген кезде ғана әлеуметтік саясат өз мақсатына жетеді. Ал адамға жасалған қамқорлық – қоғамның тұрақтылығына жасалған қамқорлық. Бүгінгі әлеуметтік жұмыстың ең үлкен мәні де осында.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

«Жүз жауһар – жүз кітап»: көрме оқырман назарына ұсынылды

«Жүз жауһар – жүз кітап»: көрме оқырман назарына ұсынылды

20.08.2026
Қазақ жігіттері «Red flag» па, «Green flag» па?

Қазақ жігіттері «Red flag» па, «Green flag» па?

20.08.2026
Ғарыш технологиясы арқылы заңсыз қоқыс орындары жойылып жатыр

Ғарыш технологиясы арқылы заңсыз қоқыс орындары жойылып жатыр

20.08.2026
Еңбек қауіпсіздігі басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі басты назарда

20.08.2026
Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

Саяси мәдениет алаңы

20.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.