Талдықорған: +25°C
$ 462.22
€ 536.50
₽ 5.43
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жұмекеннің «қоңыры»

20.08.2026
КҮНДЕРЕК
Жұмекеннің «қоңыры»
WhatsAppTelegramFacebook

Әрине, Жұмекен жайлы жазу оңай шаруа емес. Оның поэзия әлеміне бойлаған сайын сөздің салмағы артып, ойдың жүгі ауырлай түседі. Біздікі «шешінген судан тайынбас» дегендей, сол алып мұхиттың жағасында тұрып, ақын жырының бір тамшысын тамашалауға талпыныс қана.

Жұмекен Нәжімеденовтің 21 жасында Қазақстанның Мемлекеттік Әнұранына айналған ұлы туындының сөзін жазғанын көпшілік біледі. Ақынның «Ақ шағыл», «Кішкентай», «Атақ пен дақпырт» романдары, аударма саласындағы еңбегі, А. Вознесенский, Е. Евтушенко, Н. Хикмет, Ә. Файзи шығармаларын қазақ тіліне тәржімалағаны да әдебиетсүйер қауымға жақсы таныс. Дәулескер күйшілігі өз алдына бір әңгіме.

Ал біз бүгін сол Жұмекеннің бір ғана «Қоңыр» өлеңіне үңілсек дейміз. Неге «қоңыр»? Қарапайым ғана сөз. Күнделікті тіршілікте естіле беретін, құлаққа сіңісті бояу. Алайда Жұмекеннің қолына түскенде осы бір сөз тұтас бір дүниенің кілтіне айналады. Ақын «қоңыр» арқылы ауылды да, ананы да, даланы да, күйді де, қазақтың мінезін де, өзінің өмір жолын да сөйлетеді.

Қоңыр шешем, қоңыр кешті жамылып,
Көзін сулап қалып еді қамығып.
Қоңыр жолға түсіп едім мен өстіп,
Қоңырқай ой маза берер емес түк.

Қараңызшы, қандай қарапайым. Қандай табиғи. Қандай терең. Анасының көз жасы бар. Қоңыр кеш бар. Қоңыр жол бар. Қоңырқай ой бар. Бір қарағанда, бәрі жұпыны көрінгенімен сол жұпыны суреттің ар жағында адам тағдырының үлкен трагедиясы жатыр.

Жұмекеннің өзгешелігі де осында. Ол қайғыны айғаймен жеткізбейді, қуанышты жалған пафоспен сөйлетпейді. Ақынның сөзі сырт көзге сабырлы, ішкі иірімі асау. Үнінде баяулық бар, бірақ сол баяулықтың астарында бүтін бір өмірдің дірілі сезіледі.

«Қоңыр» деген бірауыз сөз арқылы ақын қоңыр қазақтың болмысын да ашады.

Қоңырайып жатыр алда жол әлі –
Кеудем кейде қоңыр күйге толады.
Қоңыр әнмен қазақ бесік тербетіп,
Өргізіпті-ау қоңыр-қоңыр баланы.

Қазақ баласын қалай тербеткен? Әлдимен. Әнмен. Күймен. Сол бесіктен шыққан ұрпақтың мінезінде де қоңырлық бар. Тіпті қазақтың даласы да қоңыр, күйі де қоңыр, тіршілігі де қоңыр. Жұмекен сол қоңырлықты іздеп отырып, ұлттық мінездің өзін тауып алады.

Қоңыр күпі, қоңыр дала, қоңыр үн…
Қоңыр күймен өтіп жатыр өмірім.
Қоңыр күзде қоңыр шаруа-күйбеңмен
Қоңсы қонған қоңыр қызға үйленгем.

Мұнда да әсіре бояу жоқ. Бәзбіреулер тәрізді «Уа, елім!» деп ұрандату, «көк бөрімін», «сақпын», «ғұнмын» деп кеуде қағу кездеспейді. Ақын қазақ екенін дәлелдеуге тырыспайды. Қазақтығының өзі жырдың табиғатына сіңіп кеткен.

Жұмекеннің шеберлігі сонда: ұлы ұғымдарды қарапайым сөздермен сөйлетеді. Ұлттық болмысты биік мінберден ұрандатпай, ауылдың қарапайым көрінісінен табады. Қазақты асқақ сөзбен дәріптеуден гөрі оның күнделікті күйбеңінен, қоңыр тіршілігінен, қарапайым қуанышынан көрсетеді.

Өлеңнің соңына қарай ақынның балалық шағы, туған жері, анасы тағы бір көрініс табады:

Қоңыр-қоңыр күй тыңдап ем жасымда –
Шешем қалды қоңыр төбе басында.
Қоянжонға қоңыр ымырт түскенде
Қоңырайып отырамын үстелге…

Бары осы ғана. Төрт-ақ шумақ. Бәрі аяқталғандай. Бірақ оқырманның ойы аяқталмайды. Ақын анасына қарайды. Туған жерін аңсайды. Өткеніне көз жібереді. Қоңыр төбенің басында қалған шешесі көз алдына келеді. Қоянжонға ымырт түседі. Ақын жалғыз отырып, үстел басына жайғасады. Ақынның бір ғана суреті әр адамның өз естелігін оятады. Біреуге ол ауылдағы анасын еске түсіреді. Екінші біреуге алыста қалған балалық шағын. Үшіншісіне туған жерін, т.с.с. Қысқасы, Жұмекеннің жыры әркімнің жүрегіндегі өз «қоңырына» апарады.

Ақынның өзі айтқандай, оның өлеңінің «ащылығы – шындықтай, тәттілігі – шабыттай, жеңілдігі – көбіктей, ауырлы- ғы – табыттай». Осы төрт өлшемнің өзі Жұмекен поэзиясының табиғатын аңғартқандай. Тегінде, Жұмекен жырындағы қоңырлықты жұтаңдық деп қабылдау әсте жараспайды. Қоңырлықта байлық бар. Тереңдік бар. Салмақ бар. Ұлттық мінез бар.

Асылы, қазақтың түсі – қоңыр, түлігі жылқы. Бірақ сол қоңырлықтың қойнауында қаншама тарих, қаншама тағдыр, қаншама сағыныш пен сыр жатыр. Жұмекен сол қоңыр әлемнің тілін тапты. Өлеңге адал болды. Өнерге берік болды. Ақынның:

«Жалғыздық көрмесін деп тағдыр мені
Өлең деген бір қызға үйлендірген» деген жолдары да осы адалдықтың бір белгісі.

Расында Жұмекеннің жары – өлең болды. Ол сол жоғарыда айтқандай, өлеңіне ғұмыр бойы серттей берік тұрды. Сезімін сатпады, сөзін арзандатпады, жырын жалған жылтыраққа айырбастамады.

Сондықтан Жұмекенді оқығанда бүкіл қазақтың жандүниесін оқығандай күй кешесің. Поэзияның ұлылығы да осында шығар, кім білсін?!

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Болашақтың берік негізі

Нәтиже арқылы бағаланатын институт

20.08.2026
«Жүз жауһар – жүз кітап»: көрме оқырман назарына ұсынылды

«Жүз жауһар – жүз кітап»: көрме оқырман назарына ұсынылды

20.08.2026
Қазақ жігіттері «Red flag» па, «Green flag» па?

Қазақ жігіттері «Red flag» па, «Green flag» па?

20.08.2026
Ғарыш технологиясы арқылы заңсыз қоқыс орындары жойылып жатыр

Ғарыш технологиясы арқылы заңсыз қоқыс орындары жойылып жатыр

20.08.2026
Еңбек қауіпсіздігі басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі басты назарда

20.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.