Талдықорған: +25°C
$ 462.22
€ 536.50
₽ 5.43
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақ жігіттері «Red flag» па, «Green flag» па?

20.08.2026
КҮНДЕРЕК
Қазақ жігіттері «Red flag» па, «Green flag» па?
WhatsAppTelegramFacebook

«Ой, қойшы оны, ол – red flag қой!». Иә, қазір жастардың әңгімесінде осындай сөздерді жиі еститін болдық. Әсіресе, әлеуметтік желіде бір жігіттің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, қызға қарым-қатынасын бағалағанда «red flag» пен «green flag» деген екі ұғым алға шығады. Бірі – сақтандыратын белгі, екіншісі – көңілге медет, сенімге себеп болатын сипат.

Бір қарағанда, заманның жаңа сөзі hәм термині тәрізді. Алайда, оның түп-төркіні әлеуметтік желіден әлдеқайда әріде жатыр. «Red flag», яғни «қызыл жалау» ағылшын тілінде қауіптің, ескертудің нышаны ретінде кемінде XVIII ғасырдан бері қолданылып келеді. Merriam-Webster сөздігінде оның «ескерту белгісі» мағынасындағы алғашқы қолданысы 1748 жылға жатқызылған. Ал тіл тарихын зерттеген деректерде қызыл жалаудың соғыс, теңіз ісі, түрлі қауіп-қатер жағдайында белгі беру үшін пайдаланылғаны айтылады.

Яғни, қызыл жалау әуел баста біреудің мінезін бағалайтын өлшем болмаған. Оның міндеті – «аяңда», «сақ бол», «мұнда қауіп бар» дегенді білдіру. Кейін бұл ұғым тұрмыстық тілге, одан әрі адамаралық қатынасқа ауысқан.

Ал «green flag» – «жасыл жалау» соның кейін пайда болған қарама-қарсы мағынадағы баламасы. Жасыл түс көп жағдайда жолдың ашықтығын, рұқсатты, қауіпсіз қозғалысты білдіреді. Қарым-қатынастағы «green flag» те осы ұғымнан тараған, яғни адамнан сенімге, сыйластыққа, орнықтылыққа негіз болатын жақсы нышан көру. Psychology Today басылымында бұл тіркестің адамдар арасындағы қарым-қатынаста қолданылған алғашқы мысалдарының бірі 2013 жылы Reddit желісіндегі талқылаудан кездесетіні көрсетіледі. Ал ұғымның кең таралуы 2020 жылдардың басында үдей түскен.

Сөйтіп, кеше ғана бейтаныс ағылшын сөзі болған «red flag» пен «green flag» бүгін қазақ жастарының да аузына ілікті. Бірақ бір сауал көңілге қонақтайды. Қазіргі қыздардың өлшемімен кешегі әкелеріміздің қайсысы red flag, қайсысы green flag болар еді?

Қарым-қатынас мәселесінде red flag деп адамның болашақта эмоционалдық, психологиялық немесе әлеуметтік зиян келтіруі ықтимал мінез-құлық белгілерін айтады. Оның қатарына өктемдік көрсету, серігін үнемі бақылау, оқшаулау, қорқыту, кемсіту, шектен тыс қызғаныш, жауапкершіліктен жалтару, адамның жеке шекарасын сыйламау секілді әрекеттер жатады.

Ал дене күшін қолдану – «ұнамайтын мінез» немесе «қызыл жалаудың бірі» деп жеңілдетіп айтуға келмейтін жағдай. Бұл – зорлық. Демек, мұндай әрекетті сәнге айналған терминмен бүркемей, өз атымен атаған жөн. Мәселен, әлеуметтік желіде бір бойжеткен (атын атамауды өтінді): «Қазір бірге көтерілеміз, бірге дамып, бәріне бірге жетеміз деген жігіт red flag. Өйткені оған сенім жоқ», – деген пікір білдіріпті. Осы пікірдің астарында бүгінгі қоғамдағы қызық қайшылықтың бірі жатыр. Біреудің «бірге өсейік, бірге жетейік» деуі неліктен қауіпті болуы керек? Жігіттің қалтасында қомақты қаржысы, астында мінген көлігі, басында баспанасы жоқ болса, ол автоматты түрде «red flag» атана ма? Әрине, олай деуге келмейді. Себебі red flag – адамның жағдайынан бұрын, мінез-құлқы мен қарым-қатынастағы әрекеті.

Ал green flag ұғымына келсек, адаммен қарым-қатынас мамандары оң белгі ретінде өзара сыйластықты, ашық сөйлесуді, жауапкершілікті, шекараны құрметтеуді, қиындықты бірге талқылай білуді, сөз бен істің қабысуын атап өтеді. Демек, green flag жігіт – міндетті түрде дәулетті, сәнді киінген, қымбат көлік мінген азамат болмақ емес.

Бірақ, осы арада қазіргі қоғамның тағы бір әдетіне тоқталған жөн. Әлеуметтік желіде «green flag жігіт» дегенде кейде «үйі бар, көлігі бар, жұмысы бар, табысы жоғары» азамат елестейді. Материалдық жағдайдың отбасы құруда маңызы жоқ деуге тағы болмайды. Тұрмыс та тіршіліктің бір тұғыры. Алайда, оны адамдық қасиеттің жалғыз өлшеміне айналдыру – басқа мәселе.

Енді мақаланың басында қойылған сауалға оралайық. Бүгінгі өлшеммен қарасақ, кешегі кейбір әкелеріміздің мінезінен «red flag» деп бағаланатын тұстарды табуға болады. Мысалы, әйелінің пікірін елемеу, қаталдықты еркектіктің белгісі санау, сезімін ішке бүгу, ашуын сыртқа шығару – мұның бәрін өткеннің салты деп ақтап алуға болмайды. Бірақ бұдан «бұрынғы ер азаматтардың бәрі red flag болған» деген қорытынды шығаруға тағы болмайды. Өйткені бүгінгі терминді өткен заманның тұтас бір буынына жапсыра салу – тарихты қазіргі әлеуметтік желінің өлшемімен бағалау. Бұрынғы қазақ қоғамында отбасы, ер мен әйелдің міндеті, азаматтың жауапкершілігі туралы өзіндік түсінік болды. «Ер жігіт ел үшін туады», «Жақсы еркек – елдің ырысы», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген сөздер азаматтың отбасына, ағайынына, жұртына жауапты болуын меңзейді. Яғни бүгінгі «green flag» деп жүрген қасиеттердің біразының қазақы танымда өз атауы әлдеқашан бар еді. Ол – адамгершілік, имандылық, парасат, сабыр, жауапкершілік, уәдеге беріктік. Тек біз оларды ағылшынның екі түсімен өлшемегенбіз.

Сондай-ақ, қазір әлеуметтік желіде жігіт пен қыздың қарым-қатынасына қойылатын талап көбейді. Бірі «жігіт 25 жасқа дейін үйлі, көлікті болуы керек» дейді. Екіншісі жеке кәсібі болғанын қалайды. Үшіншісі жоғары табысты азаматты іздейді. Әрине, мұндай талаптың болуы – әр адамның жеке таңдауы. Біреудің жар таңдауда материалдық тұрақтылықты маңызды санауы да түсінікті. Себебі, шаңырақ көтеру – сезіммен ғана шектелмейтін, тұрмыстық жауапкершілігі бар дүние. Алайда, осы тұста «қазір бәрі бар ма?» деген сұрақ пен «болашақта бірге жасай аламыз ба?» деген сұрақтың ара-жігін ажыратқан жөн. Жиырма екідегі жігіттің баспанасы жоқ болуы – оның ертең де баспанасыз қалатынын білдірмейді. Жиырма төрттегі азаматтың көлігі болмауы – оның өмірде мақсаты жоқ деген сөз емес. Керісінше, маңдай терімен еңбек етіп, кәсібін бастауға талпынып, білімін жетілдіріп жүрген жігіттің бойында үлкен мүмкіндік жатуы ықтимал. Ол үшін ең маңыздысы – ниет пен әрекеттің қабысуы.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Болашақтың берік негізі

Нәтиже арқылы бағаланатын институт

20.08.2026
«Жүз жауһар – жүз кітап»: көрме оқырман назарына ұсынылды

«Жүз жауһар – жүз кітап»: көрме оқырман назарына ұсынылды

20.08.2026
Қазақ жігіттері «Red flag» па, «Green flag» па?

Қазақ жігіттері «Red flag» па, «Green flag» па?

20.08.2026
Ғарыш технологиясы арқылы заңсыз қоқыс орындары жойылып жатыр

Ғарыш технологиясы арқылы заңсыз қоқыс орындары жойылып жатыр

20.08.2026
Еңбек қауіпсіздігі басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі басты назарда

20.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.