Талдықорған: +29°C
$ 456.88
€ 534.64
₽ 5.47
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Халықаралық жазғы мектеп жетістігі

22.08.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстандағы кітапханалар бірыңғай электронды жүйеге біріктіріледі

magnific

WhatsAppTelegramFacebook

Ғылым, білім және мәдениетаралық ынтымақтастық – қазіргі жаһандану жағдайында қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды тетіктің бірі. Бұл үш бағыт бір-бірімен тығыз байланысты және халықтар арасындағы өзара түсіністікті, ғылыми дамуды, білім алмасуды және мәдени құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етеді.

Биылғы 10-17 мамыр аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Зейінәбіл Айдарбеков Қытай Халық Республикасының Чжэнчжоу қаласындағы Чжэнчжоу университетіне ресми іссапармен барып, гоесаясатқа байланысты бірқатар лекция оқыды.

Жібек жолы университеттері мен консалтингтік компаниялар қауымдастығының төрағасы Нұржан Байтеміров осы сапар барысында екі ел арасындағы байланысты орната білді. Нәтижесінде философия және саясаттану факультеті оның ішінде философия кафедрасымен бірігіп Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ғылым, білім беру және мәдениетаралық коммуникация саласындағы гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге, халықаралық академиялық диалог пен тәжірибе алмасуды дамытуға бағытталған «Орталық Азия – Қытай» халықаралық жазғы академиялық мектебін бірлесіп өткізу жөніндегі келісімге қол қойылды.
Келісім негізінде Чжэнчжоу университетінің шетел тілдері және халықаралық қатынастар институты мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия кафедрасы және Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты бірлесіп «Жібек жолы» ғылыми және педагогикалық біліктілікті арттыру бойынша халықаралық жазғы мектебі атты брендтік жобаны іске қосты.

Жобаның негізгі мақсаты – Қытай, Орталық Азия елдері және Ресей жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы арасында кәсіби және ғылыми тәжірибе алмасуды кеңейту, заманауи білім беру технологияларын талқылау, ғылыми-зерттеу мәдениетін жетілдіру және жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру.

25 шілде мен 3 тамыз аралығында Қытай Халық Республикасындағы Чжэнчжоу университетінің кампусында өткен жазғы мектептің алғашқы сессиясында қатысушылар үшін ғылыми-зерттеу әдістемесі және академиялық жазылым, цифрлық педагогика және жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде қолдану, мәдениетаралық коммуникация және аудиторияны басқару, халықаралық ғылыми ынтымақтастық жобаларын әзірлеу, сондай-ақ мәдени алмасу мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық мәселелеріне арналған дәрістер, семинарлар және практикалық сабақтар ұйымдастырылды.

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжік-стан, Түрікменстан, Ресей және Қытайдан профессор-оқытушылар құрамы мен зерттеушілер қатысқан халықаралық жазғы мектеп жұмысына 26 профессор, оқытушы және докторанттар белсенді атсалысты. Қазақстан тарапынан іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Зейінәбіл Айдарбеков, қауымдастырылған профессор Пірімбек Сүлейменов, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Перизат Елубаева, философия кафедрасының докторанты Ақмарал Досжанова, қытайтану кафедрасының докторанты Фариза Сәрсембаева, Қиыр Шығыс кафедрасының докторанты Шынар Сейітнұр, сондай-ақ басқа да университеттің профессор-оқытушылары қатысты.

Жобаның басты ерекшелігі – Қытай, Орталық Азия елдері және Ресейдің профессор-оқытушылар құрамының жоғары деңгейдегі белсенділігі мен кәсіби қызығушылығы еді. Түрлі дәрістер оқыған Вашингтон университетінің профессоры Wei Chuxiong, Ресей Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, халықаралық ынтымақтастық кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Семед Семедов кезекпен шеберлік сабағын өткізді. Дәрістер мен пікірталастарға белсенді қатысқан тыңдаушылар өздерінің ғылыми-зерттеу тәжірибелерімен, педагогикалық әдістемелерімен және жоғары білім беру саласындағы озық үлгілерімен бөлісті.

«Жібек жолы» халықаралық жазғы мектебі – тек кәсіби біліктілікті арттыру алаңы ғана емес, сонымен қатар Қытай, Орталық Азия және Ресейдің ғылыми-білім беру кеңістіктерін жақындастыратын маңызды халықаралық академиялық платформа. Жобаның жүйелі түрде жыл сайын өткізілуі алдағы уақытта бірлескен ғылыми зерттеулерді, халықаралық жобаларды, академиялық ұтқырлықты және университеттер арасындағы жаңа ынтымақтастық бағыттарын дамытуға кең мүмкіндік береді.

Мәрия МАЙЛЫҚҰТОВА,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті дінтану және
мәдениеттану кафедрасының
аға оқытушысы

Қатысты жаңалықтар

Жер бар, жайылым жоқ

Жер бар, жайылым жоқ

22.08.2026
Шағын футбол чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

Шағын футбол чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

22.08.2026
Жетісуда алғаш рет бағдарламалау және жасанды интеллект бойынша тегін мектеп ашылды

Жетісуда алғаш рет бағдарламалау және жасанды интеллект бойынша тегін мектеп ашылды

22.08.2026
Қауіпсіздік қалқаны

Қауіпсіздік қалқаны

22.08.2026
Қаһарман құтқарушы

Қаһарман құтқарушы

22.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.