Талдықорған: +6°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Диқандарға тіршілік нәрі жетті: Елімізде 11,1 млрд текше метр суармалы су берілді

17 қыркүйек 2026
КҮНДЕРЕК
Диқандарға тіршілік нәрі жетті: Елімізде 11,1 млрд текше метр суармалы су берілді

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда вегетация кезеңі, суармалы су, егістік алқаптары, су ресурстары және Жетісу облысы диқандарының қажеттілігін өтеу бойынша атқарылған жұмыстар қорытындыланды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов баспасөз мәслихатын өткізді. Ол биылғы дала жұмыстарының барысы мен шаруаларды тіршілік нәрімен қамтамасыз ету мақсатында қабылданған кешенді шараларды баяндады. Негізгі жоспар бойынша елімізде 1,2 млн гектар алқапқа 11 млрд текше метр шамасында ылғал беру көзделген болатын. Су шаруашылығы ұйымдары диқандармен 1,1 млн гектарға жуық жерге 11,4 млрд текше метр көлемінде су жеткізуге арналған 42 мыңға жуық келісімшарт жасасты. Жедел мәліметтерге сүйенсек, қазіргі сәтке дейін 1,1 млн гектар егістікке нақты 11,1 млрд текше метр суармалы су жіберілді.

Аймақтар бойынша бөлініске назар салсақ, Қызылорда облысында 122 мың гектарға 3,3 млрд текше метр, Түркістан облысында 412 мың гектар аумаққа 3,9 млрд текше метр ылғал жөнелтілді. Алматы облысындағы 124 мың гектар алқапқа 1,5 млрд текше метр берілсе, Жетісу облысының 146 мың гектар жері 1,2 млрд текше метр тіршілік нәрімен қамтылды. Жамбыл өңірінде 72 мың гектарға 714 млн текше метр, қалған облыстардағы 169 мың гектарға 414 млн текше метр су бөлінді. Бүгінде ірі су қоймаларында 57,9 млрд текше метр қор жинақталған, яғни олар 67 пайызға толып тұр. Қолда бар қор гидрологиялық тұрақтылықты сақтаумен қатар экологиялық тазалыққа да жетеді.

Маусым алдында су көлемі жан-жақты сараланып, су пайдалану лимиттері нақтыланды. Соның нәтижесінде көп ылғал қажет ететін күріш алқаптары 21,6 мың гектарға қысқартылып, 100,5 мың гектардан 78,9 мың гектарға дейін шектелді.

Жиында Сейілбек Нұрымбетов атқарылған жаңашылдықтар жайында:

«Бас прокуратурамен бірлесіп қабылданған судың «қара нарығына» қарсы іс-қимыл жөніндегі Жол картасы аясында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді. Алғаш рет «Қазсушар» РМК мен тұтынушылар арасындағы шарттық қатынастар цифрландырылып, қолма-қол есеп айырысу жойылды. 2027 жылға арналған жоспар бойынша «Тұран-Су», «Алматыоблсушар» және басқа да 43 субъектінің суару жүйелері мен шарттық қатынастарын цифрландыру көзделіп отыр. Жалпы, алдын ала қабылданған ұйымдастыру шараларының, трансшекаралық су нысандары бойынша уақытылы жүргізілген халықаралық өзара іс-қимылдың, су беру режимдерін жедел реттеудің және су пайдалануды бақылаудың күшейтілуінің арқасында вегетация кезеңі штаттық режимде өтті», – деді.

Мемлекет тарапынан қолға алынған цифрландыру тетіктері көлеңкелі мәмілелерді тыйып, диқандарға судың әділ әрі ашық үлестірілуін қамтамасыз етуде. Қолма-қол есеп айырысудан арылып, онлайн төлемге көшу жүйенің сенімділігін арттырды. Мұндай оң өзгерістер аграрлық саланы өркендетіп, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мықты серпін береді.

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.