Талдықорған: +18°C
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Нар тұлға

08.10.2026
ЖАНСАРАЙ
Нар тұлға
WhatsAppTelegramFacebook

Кең-байтақ, жерұйық Жетісу талай тарихи кезеңнің куәсі болған қасиетті өлке. Осы аймақта өткен ғасырдың қилы кезеңдерінде елдің еңсесін тіктеп, халықты ұйымдастырып, ауыл шаруашылығын өркендетуге өлшеусіз үлес қосқан нар тұлғалар аз болған жоқ. Солардың бірі де бірегейі – есімі Жетісу тарихымен біте қайнасқан, елінің абыройын асқақтатып, соңына өшпес із қалдырған Нұрмолда Алдабергенов.

Биыл елге еңбегі сіңген айтулы азаматтың туғанына – 120 жыл. Нұрмолда Алдабергеновтің өмірі мен еңбек жолы жайында бірнеше кітап пен дастан жазылып, оның ел алдындағы еңбегі кейінгі ұрпаққа өнеге етіліп келеді.

Жазушы Құттыбек Баяндиннің еңбектерінде Нұрмолда Алдабергеновтің балалық шағы мен азамат болып қалыптасу кезеңіне қатысты құнды деректер айтылады. Болашақ ел ағасы Малайсары бөктерінде дүниеге келіп, балалық шағын Ақапа әжесінің тәрбиесінде өткізген.

Әжесінен ұлттық салт-дәстүрді бойына сіңіріп, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, турашылдық пен адамгершілік секілді асыл қасиеттерді жүрегіне ұялатқан. Еңбек жолын ерте бастаған Нұрмолда отызыншы жылдары Түрксіб теміржолының құрылысына қатысады. Қол күшімен атқарылатын ауыр жұмыстан қаймықпай, маңдай терін төгіп, еңбек етеді. Қажырлы еңбегі көпшілік арасында еленіп, 1930 жылдың 28 сәуірінде Айнабұлақта теміржол түйіскен тарихи сәтте Мәскеуден арнайы келген комиссар Тұрар Рысқұловтың қолынан сыйлық-марапат алғаны туралы деректер де бар. Бұл – жас Нұрмолданың еңбекке деген адалдығы мен азаматтық болмысының ерте қалыптасқанын көрсететін тағылымды оқиға.

Кейін жұмыс іздеп Жаңалық ауылына келген Нұрмолда Алдабергенов жаңадан құрылып жатқан артельге жұмысшы болып орналасады. Ол кезде ауылдағы жағдай аса күрделі еді. Құрал-жабдық тапшы. Алайда жоқшылыққа мойымаған жас азамат бірнеше жұмысшыны ертіп Көксу тоғайына барып, жабайы тал кесіп, оны шаруашылық қажетіне жаратудың жолын табады. Яғни барды бағалап, жоқтан бар жасауға ұмтылады.

Осындай еңбекқорлығы мен іскерлігін ел көріп, халықтың сеніміне ие болады. Алдымен бригадир, кейін басқарма төрағасы болып сайланады. Сол тұстағы ұжымшардың жағдайы көңіл көншітерліктей емес еді, бар болғаны екі соқа, бес өгіз, үш ат, отыз шақты қой және жиырма сегіз жұмысшы болған. Бірақ Нұрмолда Алдабергенов бастаған ел азаматтарының табанды еңбегі, ұтымды басқару тәсілі мен халықты ортақ іске жұмылдыра білуінің нәтижесінде шаруашылық біртіндеп аяғынан тік тұрады.

Мал басы көбейіп, тың жерлер игеріліп, егін алқаптары ұлғаяды. Егінші мен малшы елдің тұрмысы түзеліп, азық-түлік мәселесі шешіле бастайды. Шаруа адамдарының еңбегі бағаланып, жалақысы уақытылы беріліп, ауылда берекелі тіршілік қалыптасады. Алайда ел басына түскен алапат соғыс жылдары бейбіт еңбекті тоқтатуға мәжбүр етті. Нұрмолда Алдабергенов те азаматтық борышын өтеу үшін майданға аттанып, от кешіп жүріп жеңісті жақындатуға өз үлесін қосты. Соғыстан аман-есен елге оралған соң қайтадан ауылына келіп, колхозшылардың сенімін арқалап, басқарма жұмысын жалғастырды.

Соғыстан кейінгі жылдары оның ұйымдастырушылық қабілеті мен іскерлігі бұрынғыдан да айқын көрінді. Іріленген шаруашылық аз ғана жылдың ішінде заман талабына сай дамыған, қуатты ауыл шаруашылығы өндірісіне айналды. Әсіресе қант қызылшасын өсірудің озық технологиялары игеріліп, бұл дақыл шаруашылықтың негізгі табыс көзіне айналды. Еңбектің нәтижесі де елеулі болды. Қант қызылшасынан рекордтық өнім алынып, маңдай терімен мол өнім өсірген жиырма қызылшашыға сол заманның ең жоғары марапаты – «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді.

Шаруашылықтың өркендеуімен бірге ауылдың да ажары кірді. Өріс малға толып, Шұбар ауылы көркейіп, елді мекеннің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарды. Ауыл тұрғындарының көңіл-күйі көтеріліп, ертеңгі күнге деген сенімі артты. Бұл – бір адамның еңбегімен ғана емес, ел болып жұмылған халықтың бірлігі мен маңдай терінің жемісі еді. Ал сол еңбекті ұйымдастырып, елді ортақ мақсатқа ұйыстыра білген тұлға – Нұрмолда Алдабергенов болатын. Еңбекқор азаматтың елге сіңірген еңбегін айтқанда, оның адамдық болмысын да айналып өту мүмкін емес.

Жаратылысы бөлек, жақсы мен жаманды ажыратып, адам тани білетін зерделі жанның қайырымдылық, кішіпейілділік, қарапайымдылық секілді қасиеттері ел есінде ерекше сақталған. Басшылық қызметте жүріп, қолынан іс келетін, білімді де білікті мамандарды айналасына топтастыра білді. Олардың арасында түрлі ұлт өкілі де болды. Ұлтына, шыққан тегіне қарап алаламай, адамның ең алдымен кәсіби қабілеті мен адамдық қасиетін бағалауы Нұрмолда Алдабергеновтің көрегендігі мен кең ойлайтын азамат болғанын аңғартады. Мен өзім мектепте оқып жүрген кезімде Нұрмолда атаның ауылда жиын өткізіп жүргенін көргенім бар. Елмен етене араласып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, ортақ іске жұмылдыра білетін. Оның ел алдындағы беделі де осындай қарапайым қарым-қатынас пен адал еңбектен қалыптасты.
Бүгінде Нұрмолда Алдабергеновтің көзін көрген жандардың қатары сиреп барады. Дегенмен оның ел үшін атқарған еңбегі, салған сара жолы, ұрпаққа қалдырған өнегесі ешқашан ұмытылмақ емес. Жетісудың дамуына өлшеусіз үлес қосқан арда азаматтың есімі халық жадында мәңгі сақталады. Киелі Көксу мен Қаратал өңірінде туып-өскен, осы өлкені жаз жайлап, қыстап өткен ел-жұрт үшін Нұрмолда Алдабергеновтің орны бөлек. Бұл – тарихпен тамырлас есім.

Сол қасиетті топырақта ел үшін еңбек етіп, халқының тұрмысын түзеуге бар ғұмырын арнаған еңбек адамының өмір жолы – бүгінгі ұрпақ үшін тағылымды тарих. Жақсының аты өлмейді, ғибратты ғұмыры ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. Нұрмолда Алдабергеновтің 120 жылдық мерейтойы – бір адамның мерейтойы ғана емес, ел еңсесін көтерген еңбек адамын ұлықтау, өткенге тағзым ету, кейінгіге өнеге көрсету.

Абулхаир Бексұлтан,
ҚР АШҒА Құрметті академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

НҰРМОЛДА АЛДАБЕРГЕНОВКЕ

«Бата жүрген емес-ті
Ассыз аяқ, құр қолға»
Шарықтап біздің ел өсті,
Өсірісті Нұрмолда.
Бұл әлемге әйгілі –
Нұрмолда Алдабергенов.
Жарыста талай бәйгені,
Алып жүрген өңгеріп.
Тақыр жерді ол басса,
Ізіне егін өседі.
Байлыққа байлық ұласса,
Көбейтеді есені.
Семіреді ілезде,
Ол кездескен көтерем.
Кетеді көркем қала боп,
Санына әрең жетер-ең.
Машина болып кетеді,
Aт, өгіз, есек түйесі.
Керекке түгел жетеді,
Нелер алуан жүйесі.
Жобалғы ауыл ол барса,
Кетеді көркем қала боп.
Жыпырлай қалың шам жанса,
Шаттанбасқа шара жоқ.
Өзендерді өзінің,
Керегіне бұрады.
Шырасы жанып кезінің,
Электрге тұнады.
Құлазыған ылди-өр,
Кетеді бақша – бау болып.
Шырыны балдай жемістер,
Үйіледі тау болып.
Ол барған жерден надандық,
Ат-тонын ала қашады.
Білімге сусын қанарлық,
Мәдениет ошағы.
«Әліпбиді» аңғарды,
Нұрмолда өзі кешірек.
Танысқан ғалым таң қалды,
«Профессор осы» деп.
Таудай жүкті көтеріп,
Тұтасқан күшті көп иық.
Міндеттер талай өтеліп,
Сүттей халық тұр ұйып.
Бақытқа түгел кенеліп,
Ауылының ұл-қызы.
Ордендерге бөленіп,
Жарқырайды жұлдызы.
Нұрмолда төске қадады,
Сол жұлдызды қосынан.
Еңбектің барлық адамы,
Қуанышты осыған.
Тапжылмайды талай жыл,
Еңбектің туы қолынан.
Адаспайды адал ұл,
Компартия жолынан.
Алпыс жаста ауылдың,
Келеді еңбек өрінде.
Коммунистік қауымның,
Мәңгілік орны төрінде.
Мраморлы тарихқа,
Алтынмен аты ойылды.
Болсын деп мұра халыққа,
Тірідей мүсін қойылды.

Сәбит МҰҚАНОВ

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Авазаға» барды: Түрікменстан Президенті күтіп алды

Мемлекет басшысы «Авазаға» барды: Түрікменстан Президенті күтіп алды

08.10.2026
Нар тұлға

Нар тұлға

08.10.2026
Диплом емес, дұрыс таңдау маңызды

Диплом емес, дұрыс таңдау маңызды

08.10.2026
Бақ қонған Басқұншы

Бақ қонған Басқұншы

08.10.2026
Әлидің ән әлемі

Әлидің ән әлемі

08.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.