Талдықорған: +5°C
$ 450.62
€ 504.20
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жасыл энергетиканың қуаты артады

Бүгін, 11:00
КҮНДЕРЕК
Жасыл энергетиканың қуаты артады
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде облыста жаңартылатын энергия көздерін дамыту және электр энергиясын өндіру көлемін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Алдағы үш жылда аймақта 10 жаңа нысан пайдалануға беріліп, энергетика саласының әлеуетін ұлғайту көзделіп отыр. Барлық жоба жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Облыс әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда аймақтың электр энергетикасындағы белгіленген қуат 353 МВт-ты құрайды. Оның 271 МВт-ы жаңартылатын энергия көздерінің үлесіне тиесілі.

Аймақта қазір жаңартылатын энергия көздері бойынша 19 нысан жұмыс істейді. Олардың басым бөлігін су электр стансылары құрайды.  Атап айтқанда, жалпы қуаты 147 МВт болатын 15 су электр стансысы бар. Оның 3-еуі бөгет маңындағы, ал 12-сі деривациялық гидроэлектр стансылары. Сонымен бірге аймақта жалпы қуаты 100 МВт болатын екі жел электр стансысы және қуаты 24 МВт-қа тең екі күн электр стансысы жұмыс істеп тұр. Биыл жалпы қуаты 40,6 МВт болатын үш жаңа энергетикалық нысанның құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Атап айтқанда, Кербұлақ ауданында қуаты 8,6 МВт болатын «Көктал ГЭС-1» су электр стансысы, Көксу ауданында қуаты 12 МВт-тық жоғарғы талапты су электр стансысы іске қосылады.

Ал Панфилов ауданында «Jetisu Terra Power» компаниясы қуаты 20 МВт болатын күн электр стансысының жобасын жүзеге асыруда. Жаңа нысандардың іске қосылуы өңірдің электр энергиясын өндіру мүмкіндігін кеңейтіп, жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жеке инвестиция құю арқылы энергетика саласының тұрақты дамуына жол ашылады. Облыстағы жасыл энергетиканың дамуы еліміз бойынша жаңартылатын энергия көздерінен электр қуатын өндіру көлемінің өсуімен қатар жүріп жатыр.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметіне сәйкес биылғы тоғыз айда елдегі жаңартылатын энергия көздері нысандары 7,8 млрд. кВт/сағ. электр энергиясын өндірген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға артық. Өндірілген электр қуатының негізгі бөлігі жел электр стансыларына тиесілі. Олар 4,9 млрд. кВт/сағ. электр энергиясын өндірген. Күн электр стансыларының үлесі 1,9 млрд. кВт/сағ. болса, шағын су электр стансылары 993 млн. кВт/сағ. электр қуатын берген.

Жалпы электр қуатын өндіру көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 8,5 пайызға жетті. Ал бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 8,08 пайызды құрады. Елдегі жаңартылатын қуат көздері нысандарының жиынтық белгіленген мөлшері 3,7 ГВт-қа жетті. Осылайша облыста жаңа гидроэлектр және күн электр стансыларын іске қосу аймақтың энергетикалық әлеуетін нығайтып, елде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға қосымша серпін бермек.

Айгүл БАЙБОСЫН

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалды дипломатия арқылы шешуді ұсынды

Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалды дипломатия арқылы шешуді ұсынды

Бүгін, 17:10
Жаңа талап, жаңа мүмкіндік

Жаңа талап, жаңа мүмкіндік

Бүгін, 15:16
Бельгия королінің сапары елімізге жаңа инвестиция әкеледі

Бельгия королінің сапары елімізге жаңа инвестиция әкеледі

Бүгін, 15:15
Тоқаев Израиль президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Тоқаев Израиль президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Бүгін, 14:24
Бүгін – Сәкен Сейфуллиннің туған күні

Бүгін – Сәкен Сейфуллиннің туған күні

Бүгін, 14:22

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.