Талдықорған: +14°C
$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тектіліктің қос шынары

Бүгін, 12:53
КҮНДЕРЕК
Тектіліктің қос шынары
WhatsAppTelegramFacebook

Адамзаттың рухани шежіресі жылнамаға қатталған жылдармен түзілмесе керек. Оның көзге шалынбайтын, ұрпағының жүрек түкпірінде мәңгілікке мөрленетін өзге бір жазуы бар. Ол – ананың ақ жаулығына сіңген маңдайшаң еңбек, әженің самайына ұялаған ғасырлық сабыр, бір ауыз өсиеттің астарына бүккен өмірлік тәжірибе, үнсіздіктің өзінен сезілетін мейірім. Мұндай шежіре тек кітапқа түскен әріптер тізбегінде сақталмайды, әулеттің жадында, ұрпақтың мінезінде, ата-баба аманатына деген ықыласта жатады. 

Менің рухани дүниемнің қос қанатындай болған екі аяулы жан – әжем Мәриамкүл мен анам Рысжан. Екеуінің өмір белестері бір арнамен өрілмесе де, тағдыр тереңінде бір-бірін толықтыратын адамдық қасиеттер тоғысқан. Әжемнің ғұмырынан қара дауылға қарсы тұрған қасқыр мінезді қайсар рухты, атадан жеткен тектілікке деген адалдықты танысам, анамның болмысынан кісілікке кестеленген мейірімді, кешірімнің кемелдігін, туыстық тамырын үздірмеген ізетті көремін.

 Менің әжем Мәриамкүл Болатай қызының өмір жолы – бір адамның пешенесіне жазылған тағдырдан гөрі, тұтас бір ғасырдың сан қатпарлы шындығын бойына жинаған ғұмырнама іспеттес. Әжем адуынды мінездей алмағайып кезеңдердің сахна сыртындағы көрермені болмады. Өмірдің кірпікке мұз қатырар аязды қысы мен көңілдегі тоңды жібітер жайма-шуақ көктемінің басты кейіпкері болды.

«Мен 1917 жылғы азаматтық соғысты, 1930 жылдардағы ашаршылықты, Ұлы Отан соғысын, қаш-қашты көрдім», – деген әжемнің сөзіне қайта-қайта ой жүгірткен сайын, бірауыз естеліктің өзіне қаншама халықтық қасірет сыйып тұрғанына қайран қаламын. Әрине, ол кісінің тағдырын тек тарихи нәубеттердің көлеңкесінде қалдыруға болмайды. Оның ұлылығы басына түскен қасіреттің көптігінде емес, сол қасіреттің өзіне рухани жеңіліс әкелуіне жол бермегенінде еді.

Ол отыз бес жасында алты баламен жесір қалды. Жастықтың желкені енді ғана кеңге жайылып, өмірдің талай асуы алда тұрған шақта тағдыр оны ауыр сынақтың алдына әкеліп қойған. Алты баланың болашағы, күнкөрістің қамы, шаңырақтың бүтіндігі, ертеңгі күннің белгісіздігі – бәрі бір адамның иығына артылды. Мұндай жүкке еңсені түсіру, үміттің шырағын өшіру адам табиғатына жат емес. Алайда әжем қайғыға тұсалған дәрменсіздікпен емес, қайратқа айналған сабырмен дараланды. Біз, әдетте, әйел табиғатын қауызынан жаңа сығалаған нәзік мақта үлпегіндей көріп, оның ешбір тіршілік иесіне бергісіз ауыртпалық көтерер күшін елемейміз. Ал мен үшін әжемнің осынау болмысы – даңғаза сөзге мұқтаж емес ерлік. Баласының ертеңі үшін өз қажуын елемеу, қиындықтың алдында мойымау, отбасының үмітін бір сәтке де сөндірмеу – мұның бәрі ішкі қуат жағынан қаһармандықпен пара-пар.

Әжемнің өз аузынан қалған: «Мен болған жерде қыз болып, толған жерде келін болдым», – деген сөзі суретшінің қолтаңбасына айналған өміршең туындысындай сырлы түйін. Мұнда қыз дәуреннің мөлдір естелігі, келіндік жолдың салмағы, ана болудың жауапкершілігі, әулеттің үлкеніне айналған шақтың парасаты тоғысқан.

Ол кісінің «піссімілләсіне» айналған «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады», – нақылы дүниетанымындағы негізгі ұстанымдардың бірі еді. Осы сөздің мәнін мен жыл өткен сайын басқаша қырынан түсінемін. Тектілік дегеніміз – қанмен, есіммен беріледі және ол арғы буынның абыройына кір келтірмеу, кейінгі ұрпаққа ұятқа қалдырмайтын мінез таныту.

Атадан жақсы ат қалған екен деп, кейінгі буынның өзіне тоқмейілсуге болмайды. Қайта, арғы тегінің қадірін сезінген сайын, адамның өз ісіне қоятын талабы күшеюі керек. Меніңше, әжемнің бұл ұстанымы өмір жолынан бөлек тұрған жоқ. Дәуірдің алапат кезеңдерін көріп, жастай жесірліктің ауыртпалығын арқалаған жан үшін тектілік бос мақтаныш бола алмайды. Айналасы астаң-кестең болғанда, бұрынғы қалыпты тіршілік бұзылғанда адамдық болмысын сақтап қалуы – рухани тектіліктің бір белгісі. Оның тағдырында бұл өлшемнің осыншалық маңызды болу себебі осы деп ойлаймын.

Әжемнің өміріндегі қайсарлықты ой елегінен өткізгенде, анам Рысжанның болмысындағы жұмсақтық пен мейірімнің мәні де мен үшін айрықша ашыла түседі. Анамның адаммен қарым-қатынастағы басты қасиеті – кешірімшілдігі еді. Оның жүрегінде өкпені ұзақ сақтап, ренішті қатынастың өзегіне айналдыруға орын көп болмағандай. Адамның кемшілігін көре тұра, оның қадірін ұмытпау, көңілге кірбің түссе де арадағы сыйластықтың жібін үзіп алмауға тырысу – мұның бәрі анамның нұрлы мінезіне тән. Мейірімге бейім жан салқындықтың қабырғасын биіктетпей, түсіністікке жол ашуға тырысады. Анамның жұмсақтығы осындай ішкі парасаттан туындаған қасиет-тұғын.

Ол балаларының оқуына ерекше мән беретін. Білімге деген бұл ықылас анамның ұрпағының ертеңіне жай тілекші болып қана қоймай, болашақтың іргетасы берік қалануын қалағанын аңғартады. Адамның дүниені тану көкжиегін кеңейтетін, өз ойын орнықтыруға, өмірдің күрделі сауалдарына жауап іздеуге мүмкіндік беретін рухани баспалдақ оқу болса, анам бізге осы жолдың қадірін сезіндіруге тырысты.

Оның келіндеріне деген қарым-қатынасы да ерекше ілтипатқа лайық. Адамға ізетпен қарау, бұл – пікірді де, талапты да адамның қадірін түсірмей жеткізе білу. Қаталдықпен бағындыруға болатын шығар, бірақ көңіл табу мен сенімге ие болу әлдеқайда нәзік өнер.

Қазақы танымда құдалық – екі адамның некесімен шектелмейтін, екі әулеттің арасын жалғайтын туыстық көпір. Анам осы байланыстың қадірін терең сезінген жан еді. Тіпті туыстары мен құда-жекжаттарының туған күндерін жатқа біліп, есімізге салып отыратын. Осы бір қасиеттің астарындағы мейірімге сүйсінемін. Адамның есімін, туған күнін, отбасындағы қуанышын ұмытпау арқылы оған деген ықыласыңды білдіресің. Анам үшін жақындық туыстық атаумен ғана бекімейтін, ол назармен, есте сақтаумен, көңіл бөлумен де нығая түсетін.

«Қырықтың бірі – Қыдыр» деген халықтық танымды шын көңілімен ұстанып, үйге келген жанды ерекше жылылықпен қарсы алатын. Қонақ – ырыс пен ниеттің, ықылас пен сыйластықтың дәнекері. Бір кесе шай үстіндегі әңгіме ұзақ жылғы таныстықты бекітіп, алыстаған ағайынды қайта табыстырады. Қонаққа деген ықылас арқылы отбасының мінезі, үй ішінің мәдениеті, үлкендердің тәлімі көрініс табады. Анам осы дәстүрді сыртқы рәсімге айналдырмай, жүрегінің табиғи қалпымен ұстанды.

Мен кейде өткен өмірдің бар салмағын бір адамның ғұмырына сыйғызу мүмкін бе деп ойланамын. Әжемнің тағдырына қарасам, соқтықпалы, соқпақты тірлік кеше жүріп ұрпақ өсірген, оларды биік белеске көтерген қайсар рухты ана бейнесін көремін. Ал анамның тіршілігін еске алсам, бір адамның жұмсақ мінезі мен шынайы ықыласы қаншама адамның көңілін жақындатып, туыстықтың алтын арқауын үздірмей ұстай алатынын аңғарамын. Мұндайда адам өмірінің мәні ұзақ жасаумен ғана өлшенбейтініне көз жеткізесің.

Біз асыл жандардың қадірін қасымызда жүргенде толық аңғара бермейміз. Күнделікті тіршіліктің үйреншікті көрінісіне айналған қамқорлықты қалыпты нәрсе санап, жылы сөздің, дер кезінде көрсетілген ықыластың құнын кейінірек түсінеміз. Уақыт өткен сайын ғана сол қарапайым көріністердің ар жағында тұтас бір адамдық әлем тұрғанын ұғынамыз. Сонда сағыныштың өзі өткенді аңсаудан тереңдеп, өзіңе берілген рухани мұраны тануға ұласады.

Тағдырында ізгіліктен із қалдырған әжем менің кіндігімді кесіп, келінін үйде босандырып алған кіндік шешем екенін де айта кеткен жөн. Ол кісі өмірдің сан белесін сарабдал күйде өткерген бекзат болмыс. Болатайдай қажының қызы. Болатай қажының інісі Метербай да болыс болған адам. Тектілер әулетінен шығып Салпық би, Жақыбай би, Жақыбайдың баласы Нұрғали би болып жалғасқан құтты шаңырақтың табалдырығын ізгілікпен аттаған. Жары Төрехан айтыскер ақын, халық емін білген кісі еді. Киелі жанның зайыбы болып, небәрі 35 жасында жесір қалса да балалары Дәулетхан, Әуелхан, Әдепхан, Базархан, Мәрияш пен Сейілханды жалғыз өзі өсіріп, тұлға қылып тәрбиелеген. Тағы бір айта кететін жайт, әжемнің сүйегінің асылдығы өмірден өткенше ат үстінен түспеуі деп айшықтауға негіз бар. Әжеміз шөбересі Нұрболдың келіншегі қыз тапқанда 85 жасқа келген жасына қарамай, атқа мініп барып, шөпшегін өзінің Мәриямкүл есіміне ұқсатып Күлмәрия деп қойған еді. Бұл да болса табиғаттан алған күш пен тектіліктің көрінісі деп топшылаймыз.

Ал осы тектілік һәм киелі келіндік жолды жалғастырған анамыз Рысжаннан 10 перзент өмірге келіп, бізден көзі тірісінде 100-ге жуық немере-шөбере сүйді. Ұрпақ қызығын көрді. Шығармашылық әлемі бөлек, елдің мұңын мұңдайтын ақынның жары болған анам өмірден өткенінде сағынып төмендегідей жыр арнап едім:

Уақыттың күшін адам жеңе ала ма,
Келмеске кеткен адам келе ала ма?!
Қайғы екен қабырғаңды қаусатардай,
Тапсыру өз анаңды, жер-анаға.
Бізді ойлап жүруші едің ана тынбай,
Өзіңсіз дүние бос қалатындай.
Ауылға қарап енді елеңдеймін,
Алдымнан Анам шығып қалатындай.
Үміт күтіп біздердей нардай ұлдан,
Хабар алып тұрушы ең хал-жайымнан.
Таудай-талап бітетін өн бойыма,
Анашым бір сипасаң маңдайымнан…

Осынау жүрекжарды жырымның үзіндісі көңіл көкжиегімнің сынық сәулесінен қаланған сағынышты өлең еді. Алаштың ардақты ақыны атанған әкемізге жар болу оңай емес. Он бала сүйіп, «Алтын алқа» иегері атанған анамыз көпке сыйлы бола білді. Ол кісінің қолынан қазақтың небір марқасқалары дәм татты. Әбілхан Қастеев, Дәнеш Рақышев, Бексұлтан Нұржекеұлы секілді ұлы тұлғалар мен Қуаныш Сұлтанов секілді қоғам қайраткерлері, облыс әкімдері анамыздың ақ дастарқанының мейманы болды.

Анаға, әжеге деген аңсар сезім әрбір саналы ұрпақтың көкірегінде тұратын ең тәтті, ыстық сезім болса керек. Мейірім мен шалқар махаббат құшағында өскен біздер кемел аналардың ақ жүзін, мейірімін, өміршең өнегесін санада сақтаймыз. Өзінің табиғат дарытқан парасатымен туған жеріне танылып, Жаркент халқының ардақты анасындай болған Рысжан шешем Панфилов ауданының құрметті азаматы атанған батыр ана. Биыл әжеміз Мәриямкүлдің өмірден өткеніне 30, анамыз Рысжанның мәңгілік мекеніне аттанғанға 5 жыл толып отыр. Кемеңгер ана мен кенен келін болған жандарға деген сағынышымыздан бастау алып, перзенттік пейілден жөңкіген осы толғамның соңын «Жандарыңыз жаннаттың төрі болсын, асыл аналар!» деген дұғамен аяқтағым келеді. Тектіліктің қос шынарындай болған жандардың ұрпағы тамырын тереңге тарта бергей.

Барлық ӘДЕПХАНҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

Энергетика мен цифрландыру: Қазақстан мен Камбоджа жаңа жобаларды қолға алады

Энергетика мен цифрландыру: Қазақстан мен Камбоджа жаңа жобаларды қолға алады

Бүгін, 14:23
Қазақстан мен Камбоджа арасында жаңа әріптестік кезеңі басталды

Қазақстан мен Камбоджа арасында жаңа әріптестік кезеңі басталды

Бүгін, 14:19
Жабайы алма гүлдегенде

Жабайы алма гүлдегенде

Бүгін, 13:11
Тектіліктің қос шынары

Тектіліктің қос шынары

Бүгін, 12:53
Ықыласты елдің ұтары мол

Ықыласты елдің ұтары мол

Бүгін, 11:46

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.