Талдықорған: +14°C
$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жабайы алма гүлдегенде

Бүгін, 13:11
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жабайы алма гүлдегенде

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма» туындысын оқығандардың пікірі әралуан. Әркімнің топшысы әртүрлі. Автордың не айтпағын, түпкі идеясы не болғанын сұрағанға жауап біреу емес, бірнеше. Махаббат, адалдық, адамдық, сүйіспеншілік, мейірімділік, тағысын тағы. Бірақ көп жұрт көре білмеген негізгі ойды Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы академиялық театрда жазушының аттас повесі бойынша қойылған «Жабайы алма» спектаклінің премьерасы шегендеп берді. Екшеп берді. Сайын Мұратбековтің 90 жылдығына орай алғаш рет сахналанған қойылым бір күйіндіріп, бір сүйсіндірді. Күйіндірген туынды не спектакльді сахналағандар емес, шығармадағы кейіпкердің әрекеті, болмысы. Сүйсіндірген де солар. 

«Жабайы алма» – соғыстың көлеңкесі түскен балалық шақ туралы шығарма. Ерлер майданға аттанып, тылдағы еңбек әйелдер мен қарттардың, балалардың иініне түскен кез. Қанаты қатпаған баланың тілімен жеткізілген шығарма соғыс кезеңінің шынайы көрінісін, әрбір кейіпкерге әсерін, әрбір образдың ішкі әлемін суреттейді. Басты ныса- на – әйел-Ана. Еңбекке жегілген, тағдыр тауқыметін тартып ерлер атқарар ауыр жұмысқа жегілген, қажыған, бірақ, ауылдың, шаңырақтың шайқалмауы үшін күрескен, ашқұрсақ отбасын асырауға ұмтылған, соғыста өлген бәлки, қан майданда жаумен айқасқан нәзік һәм қайсар әйелдің қоғамдағы рөлін суреттейді. Режиссер Еркебұлан Қабдыл осы көріністі сахна төрінде бейнелейді.

Ауылдағы еңбек майданы. Арпалысқан жандар. Мұнда жарылыстардың даусы естілмейді, окоптар да көрінбейді. Бірақ соғыс бейбіт қазақ ауылында да бар: аштық, ауыр еңбек, қаралы хабарлар мен тым ерте үзілген балалық шақ. Актерлердің шебер ойынының арқасында сахнадағы оқиғалар алыста қалған тарих ретінде емес, көрермен қайғысы мен үмітін бірге бөлісетін тірі адамдардың тағдыры ретінде қабылданады.

Оқиғаның ортасында – бозбала Қанаттың соғыс кезіндегі балалық шағы туралы естелігі. Ол әлі бала, ауыл балаларымен бірге асық ойнайды, ашқұрсаққа талғажау болар жабайы алмаларды жейді, әпкесі Назира мен Тоқтардың алғашқы махаббатына куә болады. Бірақ балғын шақтың ар жағында аштық пен ауыр еңбек тұр.

Шыны керек, жоғарыда айтқанымыздай, әр көрермен өзіне жақын бір ішкі бұлқыныс табатын қойылымда режиссер әйелдің күш-қайраты мен төзімділігін шебер ашады. Аштыққа, қажытқан еңбекке және жақындары үшін алаңдауға қарамастан ол балаларын бағып, отбасын қолдап, туыстарының оралуына сенім артады. Бірақ спектакль оның батылдығын ғана емес, жасыруға мәжбүр болған шаршауын, қорқынышы мен қайғысын да көрсетеді. Ерінің шаңырағын шайқалтпауға тырысқан қанша әйелдің ортақ үмітін айқын бедерлейді.

Қайран кейуана. Қос майданда арпалысқан ұрпағының тілеуін тілеген әже. Сандуғаш Мұңайтпасова шебер сомдаған Әже бейнесі даналық пен сабырлылықтың үлгісін танытады. Оның басынан талай қиындық өтсе де, сенімін жоғалтпайды, үмітін өшірмейді. Әлсін-әлсін күбірлеп, әжім басқан қос алақанымен бет сипап, соғысқа кеткен ұлының аман оралуын тілейді.

Бағила апа отбасы мен жұмыстың, егістікте бірге еңбек етіп, өнім жинайтын бригадасының жауапкершілігін өз мойнына алады. Назира да ерте есейіп, жақындарына қамқор болуға және еңбек етуге мәжбүр. Олардың күш-қуаты – ауылдың тіршілігін сақтап тұрған күнделікті тіршілікте.

Режиссердің сәтті шешімдерінің бірі – әйелдердің ауыр тағдырының үнсіз куәгерін қарапайым тұрмыстық бұйым, ағаш келі арқылы бейнелеуі. Үйлерде тарыны келіге салып, екі қолмен ұстайтын ауыр келсаппен түйеді. Қазақ тұрмысындағы бұл бұйымның тарихы ғасырлармен өлшенетін шығар. Ал сахнада құдды тауқыметтің ауыр жүгі іспетті. Тағдырға да, еңбекке де мойымаған нәзік гүлдей һәм қажырлы әйел келсапты бір көтереді, қайта түсіреді, тарыны осы сарынмен түйгіштейді. Әр соққыда есімдері тарихта қалмаған, бірақ шаңырақты қолымен ұстап тұрған талай буын әйелдің үні жаңғыратындай. Соғыс кезінде бұл үйреншікті еңбек өмір үшін күреске айналған. Келі-келсап шаршау мен алаңдаушылықтың жадын сақтағандай, сонымен қатар өмірді ең ауыр жылдардың өзінде жалғастыруға мүмкіндік берген төзімділік, қамқорлық пен махаббат туралы сыр шертеді.

Қараусыз қалып, тым ерте есейген балалар ойнап, күледі, бірақ аштықтың, ауыр еңбектің және қаралы хабардың не екенін біледі. Үйге қаралы хабар келгенде, балалық шақ қайғының алдында шегінеді.

Актерлердің ойыны көрерменге өзін сырттай бақылаушы емес, сол өмірдің куәгері ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Әсіресе Назира мен Тоқтардың тағдыры жүрекке ауыр тиеді. Олардың сезімі енді ғана бүр жарып келе жатқанда, соғыс қос тағдырға араласады. Тоқтар жасына екі жыл қосып алған еді. Қағаз жүзінде. Мақсат – комсомол қатарына ерте өту. Қоғамдық өмірге ерте араласуды көздеген. Ал мұны ескерген әскери құрылым жоқ. Қағаз бар, жасы кеп тұр, майданға аттандырады. Онсыз да ерлердің қарасы азайған, әйелдердің зарына толған тұтас ауыл оны шығарып салады. Көрермен оның да қайтып оралмауы мүмкін екенін еріксіз сезінді. Өйткені осындай талай жас қан майданнан туған жеріне қайтпаған еді.

Тағы бір көрініс – Ырысбектің тағдыры. Оқ пен оттың ортасынан оралған сарбаз үшін бұрынғы бейбіт өмір енді жоқ. Оның бойында қайғы мен қатыгездік, туған ауылына деген сағыныш пен адамдарға әмір жүргізуге деген ұмтылыс қатар көрініс табады. Оның көздегені Дүрия. Әуелде Ырысбек өлдіге саналған. Талдырмаш бой Дүрия жастығын жасқа малып отырмақ емес. Оның да тағдыры күрделі. Ырысбектің оралуы оны ауыр таңдау алдында қалдырды. Артында өткен өмірі тұр, бірақ қазір оның басқа тіршілігі мен міндеттері бар. Бұл да сахнада бейнеленген маңызды әйел образдарының бірі. Әйелдер еңбек етеді, шешім қабылдайды, балалар мен үйдің жауапкершілігін көтереді. Ал олардың өз қалауы көбіне күнделікті қам-қарекеттің соңында қалады.

Иіні қатпаған Әжібек. Алғаш қарағанда балаларға басшылық жасап, мықтылық танытатын тұлға. Бірақ дөрекілеу мінезі мен өктемдігінің артында сүйенер адамы жоқ жалғыз жасөспірім, тұл жетім тұр. Сондықтан Ырысбек одан орамалды тартып алатын көрініс ерекше әсерлі. Сол сәтте Әжібектің қолынан орамалмен бірге махаббатты тартып алғандай күйге түсті. Бала шыдамай жылап жіберді. Осы сәтте көрермен бұзақыны емес, мейірім мен түсіністікке мұқтаж қорғансыз жасөспірімді көреді.

Спектакльдің музыкалық безендірілуіне де тоқталғым келеді. Мират Құттыбековтің музыкасы мұнда жай ғана сахналық әрекетті сүйемелдемейді, кейіпкерлердің кейде сөзбен жеткізе алмайтын сезімдерін ұштайтындай әсер қалдырады. Әуеннен алаңдаушылық, сағыныш пен күту сезіледі. Осы арқылы соғыс кезіндегі ауылдың атмосферасын тереңірек сезінуге көмектеседі.

Қойылымның соңында көктем келіп, жабайы алманың бұтағы қайта гүлдейді. Нәзік те мөлдір көрініс. Бұл бейненің маңызы ерекше: қайғы, жетімдік, аштық пен үш

масақ үшін қамауға алу оқиғаларының арасында жаңа өмірдің белгісі пайда болады. Режиссер Еркебұлан Қабдыл көрерменге ауыр сынақтардан кейін де үміттің сақталатынын, өмірдің жалғасатынын еске салғандай. Жабайы алма қайғыны бастан өткерсе де, өмір сүруге деген күшін жоғалтпаған халықтың символына айналады.

«Жабайы алма» шығармасында соғыс әр үйге кіріп, адамдар арасындағы қарым-қатынасты өзгертеді және балалардың алаңсыз жылдарын тартып алады. Сондықтан Қанаттың оқиғасы бүгінгі көрерменді де толғандырады. Спектакль «тыл» және «соғыс кезеңі» деген сөздердің артында нақты адамдар – ертеңгі күннің қандай боларын білмей, өмір сүруге, еңбек етуге және сүюге мәжбүр болған балалар, әйелдер мен қарттар тұрғанын еске салады.

Талдықорғандағы премьера майдан кезіндегі оқиғаны бүгінгі көрерменге қайта ұсынады. Қазіргі адамдардың өмірлік тәжірибесі басқа, ал соғыс көпшілік үшін оқулық беттеріндегі алыстағы тарих қана. Бірақ кейіпкерлердің сезімдері ескірмейді: түсіністікке деген ұмтылыс, жақындарын жоғалтып алудан қорқу, әділетсіз әрекет үшін кінә сезіну және өзгеге жанашырлық таныту қабілеті әр ұрпаққа таныс. Театр кітап беттеріндегі кейіпкерлерді тірі адамдар ретінде көруге көмектессе, повесть сахнада көргенімізді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бастысы, мына тұрған тұтас қоғамның екі қанаты бар десек, бірі – әке, бірі – шеше, өз таңдауы болмағанмен, бір қанатсыз отбасын, балаларын, одан әрі қоғамды сыңар қанат күйінде сүйреген әйелдің, табиғатынан нәзік болғанына қарамастан, қайсар ананың, қыздың, әженің шын келбетін суреттейді. Қазіргі нәзікжандылар осыдан үлгі алса дейсің. Заман басқа деуге де уәж табылар. Бірақ жұмырбастының жаратылғаннан бергі басты жауапкершілігі қос қанат, бір мақсат екенін ескерсе дейсің. Балалар бейбіт күнде әкесіз қалмаса, аналар «қарақағазсыз-ақ» жесір атанбаса дейсің…

Жалпы, «Жабайы алма» – қандай ауыртпашылық, қандай қияметтік қиындық болса да адам болып қалуға, пенденің ұлы қасиеті адамгершілікті алға қоюға үндейді. Сол үндеуді ұйып тыңдасақ, нетті…

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Энергетика мен цифрландыру: Қазақстан мен Камбоджа жаңа жобаларды қолға алады

Энергетика мен цифрландыру: Қазақстан мен Камбоджа жаңа жобаларды қолға алады

Бүгін, 14:23
Қазақстан мен Камбоджа арасында жаңа әріптестік кезеңі басталды

Қазақстан мен Камбоджа арасында жаңа әріптестік кезеңі басталды

Бүгін, 14:19
Жабайы алма гүлдегенде

Жабайы алма гүлдегенде

Бүгін, 13:11
Тектіліктің қос шынары

Тектіліктің қос шынары

Бүгін, 12:53
Ықыласты елдің ұтары мол

Ықыласты елдің ұтары мол

Бүгін, 11:46

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.