Талдықорған: +19°C
$ 452.59
€ 507.67
₽ 5.48
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Құландар мекенінде

Бүгін, 13:47
КҮНДЕРЕК
Құландар мекенінде
WhatsAppTelegramFacebook

«Алтынемел» ұлттық паркінде тарих пен табиғатты, өркениет пен мәдениетті, адам мен қоршаған ортаны бір арнада тоғыстырған фестиваль өтті. «Алтынемел – кұландар мекені» атты думанды ұйымдастыруға «Qazaq National Parks» компаниясы мен «Петроглиф ізшілері» қоғамдық қоры түрткі болған. Ал шараны ұйымдастырған – облыс әкімдігі, ұлттық парк, Central Asian Sustainable Tourism Development Foundation және DDA креативті агенттігі. Дала сахарасын ән мен күйге бөлеген думанға еліміздің түкпір-түкпірінен тарих пен табиғат әуесқойлары, сондай-ақ шетелдік қонақтар, журналистер қатысты.

Шарада сөз тізгінін алған облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев өңір туризмін дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

– Жетісудың бай тарихи мұрасы мен табиғатының сан алуандығы өңірдің туризмді дамытуға зор мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Жыл сайын туристер ағынының едәуір өскенін байқап отырмыз. Сонымен қатар облысымыздың қонақтары мен тұрғындарына қызықты жаңа туристік бағыттарды ашып келеміз. «Алтынемел – құландар мекені» фестивалінің сәтті өтуі туризмнің өңір экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің біріне айнала алатынын және айналуы керегін тағы бір мәрте дәлелдеді. Біз бұл бағыттағы жұмысты міндетті түрде жалғастырамыз, – деді әкім орынбасары.

Шараның шымылдығы «Qulan Run» марафонынан басталды. Додаға 60-тан астам спортшы қатысты. Олар Шолақ тауларының көркем соқпақтарымен 5 және 10 шақырымдық қашықтықтарды бағындырды. Айта кететін жайт, марафоншылар тек мәреге жетуге асықпады, маршрут бойындағы әсем шатқалдарды, көне қорғандар мен қола дәуіріне жататын петроглифтерді тамашалады. Сондай-ақ олар ежелгі жартас суреттерінің негізінде жасалған заманауи арт-нысанмен танысты. Картиналарды ұсынған танымал суретші Санжар Жұбанов.Ұйымдастырушылар марафондық жарысты жыл сайын өткізуге бекініп отыр. Тіпті, ұлттық парк аумағынан жүгірушілерге жаңа бағыттар ашуға ниетті. Айтуларынша, маршруттар парктің бірегей табиғатын сақтауға басымдық бере отырып, табиғи ландшафттарға зиян келтірмейтіндей етіп әзірленеді.

Фестивальдің негізгі бағдарламасы түскі уақытта басталды. Жылдың осы мезгілінде «Алтын- емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің символына айналған құландар визит-орталық маңында жайылады. Бұл жолы да қонақтарға фестиваль алаңына жақын жерде құландар үйірін табиғи мекендеу ортасында бақылау мүмкіндігі бұйырды. Парктің бас директоры Қуат Байтұрбаевтың айтуынша, бұл аймаққа 30-дан аса құлан 1982 жылы «Барсакелмес» қорығынан әкелініп, байырғы мекен еткен жеріне қайта жерсіндірілген. Содан бергі 44 жылдың ішінде олардың саны 100 есе өсіп, 3,5 мыңға жеткен.

– «Алтынемел – құландар мекені» фестивалі табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттарын сақтай отырып, туризмді дамытуға болатынын көрсетті. Басты міндет – табиғаттың бірегей әлемін, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, туған өлкеміздің қайталанбас ландшафттарын сақтай отырып, оларды адамдарға таныту. Осындай іс-шаралар табиғатқа саналы көзқарас қалыптастыруға, оған деген қызығушылықты арттыруға және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үлкен үлес қосады, – дейді ол.

Фестиваль барысында қонақтар тасқа жазылған тарихтың куәгері болды. Шолақ тауларынан қола дәуірінен бастап жаңа заманға дейінгі кезеңдерді қамтитын жартас суреттерінің бірнеше бірегей шоғыры табылған. Шараға қатысушылар сақ дәуіріне тән бұғылардың көркем бейнелері, аңшылық көріністері мен көне арбалардың суреті сақталған орындардың біріне барды. Дүбірлі думанның бір мақсатын «Петроглив ізшілері» қоғамдық қорының белді мүшесі Анель Айбасова түсіндірді. Айтуынша, Қазақстанды әлем бекерден бекер «Петроглифтер елі» атамайды.

– Еліміздің аумағында саны, тарихи құндылығы және көркемдік шеберлік деңгейі жағынан әлемде теңдесі жоқ жартас суреттері мұрасы сақталған. Жалпы Жетісу, ал оның ішінде Алтынемел – осындай қазынаға бай өлкенің бірі. Оны сақтау, зерттеу және әлемге таныту – ғылыми қауымдастықтың, мемлекеттің және қоғамның алдында тұрған маңызды міндеттер. Фестивальге «Петроглиф ізшілері» қоры естелік сыйларды тарту етіп отыр. Көрмеде ұсынылған бұйымдардан түскен қаржы негізінде туристік шаралар ұйымдастырылады, – дейді қор өкілі.

Думанды шара барысында қонақтарды сахналық жекпе-жек шеберлерінің өнері елітті. «Айбалта шоуы» кезінде көрермендер дәстүрлі қазақтың жауынгерлік айбалта қаруын қолдану шеберлігін тамашалады. «Топжарған» шығармашылық ұжымы күрделі күштік акробатика, сахналық жекпе-жек және хореографияны үйлестірген «Бес Қару» акробатикалық шоуын ұсынды. Ал «Arkaiym» этно-фолк тобы дәстүрлі халық музыкасын заманауи өңдеуде орындады. Музыка шебері Ләйлә Тәжібаева қонақтарды қобызда ойнаудың қайталанбас өнерімен таныстырды. «Алтын- емел – құландар мекені» фестиваліне арнайы шақырылған Якутияның варган аспабында ойнау шеберлері көрермендерге ерекше музыкалық бағдарлама ұсынды.

Дүбірлі думанда балалар да назардан тыс қалмады. Оларды тарихшы әрі филолог Ерлан Еспенбетов қонақтарға көне түркі руникалық жазуларымен таныстырды. Алматыға танымал суретші Дәурен Тасболатов петроглифтерді салуды үйретсе, блогер әрі қолөнер шебері Саида Ахангари киізден петроглифтер бейнеленген әшекей бұйымдар жасаудың жолдарын көрсетті. Фестиваль қонақтары қайта өңделетін материалдардан бұйымдар жасап, дәстүрлі табанан пісірді. Ғылыми волонтер әрі әскери медицина маманы Рафаэль Хисматуллин экспедициялар кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдылары туралы айтып берді. Биолог Елена Ударцева «Затқа екінші өмір сыйла» атты экологиялық шеберлік сабағын өткізді. Сонымен қатар қолөнершілердің дәстүрлі кәсіп бұйымдары мен кәдесыйлары ұсынылған «Қолөнер жәрмеңкесі» өтті.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Құландар мекенінде

Құландар мекенінде

Бүгін, 13:47
Жүйріктен жүйрік озар

Жүйріктен жүйрік озар

Бүгін, 13:39
Жетісу облысындағы аудит қорытындысы: 9 айда қанша қаржы қайтарылды?

Жетісу облысындағы аудит қорытындысы: 9 айда қанша қаржы қайтарылды?

Бүгін, 11:43
Атом саласына арналған инженерлік мектеп: Қазақстан білімді ондаған жылдар бойы қалай сақтауы тиіс?

Атом саласына арналған инженерлік мектеп: Қазақстан білімді ондаған жылдар бойы қалай сақтауы тиіс?

Бүгін, 10:32
Күреңбелден қос қуаныш

Күреңбелден қос қуаныш

Бүгін, 10:27

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.