Талдықорған: +9°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Цифрландыру – заман талабы

Бүгін, 13:30
ЖАҢАЛЫҚТАР
Цифрландыру – заман талабы

aikyn.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің алдағы даму бағытын айқындайтын құжат. Стратегиялық құжатта экономиканы нығайту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және цифрлық технологияларды тиімді пайдалану мәселелері кеңінен қамтылған. Онда белгіленген міндеттер елдің тұрақты дамуына және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл бастамалардың әрқайсысы өңірлердің әлеуетін арттыру тұрғысынан ерекше маңызға ие.

Президент 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды. Бұл елдегі құрылыс саласын жандандырып қана қоймай, әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға тың серпін береді. Аталған мақсаттарға 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн. теңге, оның ішінде биыл 1,5 трлн. теңге бөлу көзделіп отыр. Осылайша, мемлекет ресурстары халыққа қажетті нысандарды салу мен қолданыстағы ин-фрақұрылымды жаңартуға бағытталады.

Игі бастаманың қалалар мен ауылдар үшін маңызы зор. Ең алдымен, жол, электр желілері, ауызсу және газбен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға басымдық беріледі. Өңірлерде бірінші кезекте 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны, соның ішінде перзентханалар, емханалар мен оңалту орталықтары, сондай-ақ 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемесі салынады. Сонымен қатар құрылыс жұмыстары жергілікті кәсіпкерліктің дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.

Жолдауда отандық кәсіпкерлікті қолдау және бизнеске қолайлы жағдай қалыптастыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Президент шағын және орта бизнесті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алу жүйесіне тарту тетіктерін жетілдіруді ұсынды. Атап айтқанда, сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің белгілі бір бөлігін шағын және орта кәсіпорындарға резервте қалдыру, сондай-ақ өнім берушілерге қойылатын талаптарды жеңілдету қажеттігі айтылды. Кәсіпкерлер үшін тұрақты әрі түсінікті жұмыс тәртібінің болуы да маңызды. Осыған байланысты Президент Құрылтай депутаттарына Үкіметпен бірлесіп, алдыңғы мораторийдің нәтижелерін ескере отырып, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жылдық мораторий енгізу мәселесін талқылауды тапсырды. Бұл кезеңді бақылау-қадағалау жүйесін қайта қарауға және реттеудің цифрлық моделіне көшуге мүмкіндік беретін стратегиялық үзіліс ретінде қарастыру ұсынылды. Аталған шешімдер бизнесті жүргізу жағдайын жақсартуға, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және ұлттық экономиканың дамуына ықпал ететіні сөзсіз.

Жолдауда цифрландыру мәселесі де маңызды бағыттардың бірі ретінде белгіленді. Қазіргі экономиканың дамуын цифрлық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Осыған орай Мемлекет басшысы цифрландыру мүмкіндіктерін экономиканың нақты салаларында қолдануға арналған бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

Президенттің айтуынша, бүгінде миллиондаған қазақстандық маркетплейстерді пайдаланып, тамаққа тапсырыс береді, такси шақырады және түрлі онлайн қызметтерге жүгінеді. Оның ішінде банк қызметтері де бар. Бұл бағытта Қазақстан көптеген озық елден алда келеді. Дегенмен қол жеткізілген жетістіктермен шектелмей, цифрлық мүмкіндіктерді одан әрі дамыту қажет.

Елімізде өнімділігі жоғары цифрлық экономиканы қалыптастыруға қажетті алғышарттар жеткілікті. Білімді әрі шығармашыл жастар, интернеттің қолжетімділігі және қалыптасқан цифрлық инфрақұрылым осы бағыттағы мүмкіндіктерді кеңейтеді. Қазір азаматтар банк шотын ашу, бөліп төлеуді рәсімдеу немесе тауар сатып алу сияқты көптеген қызметті үйден шықпай-ақ пайдалана алады. Ендігі міндет – цифрландыруды тек қызмет көрсету сапасын жақсарту құралы ретінде емес, әр азаматтың мүмкіндігін кеңейтетін тетік ретінде дамыту.

Мемлекет басшысы қоғамның интернетке деген көзқарасын өзгерту қажеттігін де атап өтті. Цифрлық кеңістік тек ақпарат алу мен көңіл көтеру ортасы емес, жаңа өнім жасап, еңбек етуге мүмкіндік беретін алаңға айналуы тиіс. Смартфон да уақыт өткізетін құрал ғана емес, тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін технология ретінде қолданылуы қажет. Осы мақсатта Үкіметке жыл соңына дейін цифрлық жұмыспен қамтуды реттейтін жеңілдетілген құқықтық режим әзірлеу тапсырылды.

Бұл бастама шығармашыл жастар мен шалғай ауыл тұрғындарына жаңа кәсіп түрлерін меңгеріп, табыс табуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде цифрлық технологияларды пайдалану аясын кеңейтіп, заманауи экономиканың дамуына жол ашылады.

Жолдауда көтерілген мәселелер мен белгіленген міндеттер еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған. Құрылтай депутаты ретінде бұл құжаттағы әрбір бастама ел дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырады деп есептеймін. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, кәсіпкерлікті қолдау және цифрлық экономиканы дамыту өңірлердің өркендеуіне, тұрғындардың әл-ауқатының артуына ықпал етеді. Мемлекет басшысы айқындаған реформалар ел мүддесіне қызмет етіп, қуатты өңірлер қалыптастырудың маңызды негізіне айналады.

Гүлнар ТОЙЛЫБАЕВА,
Қазақстан Республикасы
Құрылтайының депутаты

Қатысты жаңалықтар

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Бүгін, 17:25
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

Бүгін, 16:32
Анаға арналған миллиардтар: Қазақстанда көпбалалы отбасыларға төлем рекорд жаңартты

77 мың медицина қызметкеріне қосымша төлем беріледі

Бүгін, 16:19
Жетісуға «FlyArystan» ұшады

Жетісуға «FlyArystan» ұшады

Бүгін, 16:13
Гаджеттерді қуаттау кезінде өрттің алдын алу жолдары

Гаджеттерді қуаттау кезінде өрттің алдын алу жолдары

Бүгін, 15:18

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.