Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

СЕМІЗДІК ТҮРЛІ СЫРҚАТҚА СЕБЕПШІ

1 желтоқсан 2024
КҮЛТӨБЕ
СЕМІЗДІК ТҮРЛІ СЫРҚАТҚА СЕБЕПШІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазір балалардың басым көпшілігі семіздік дертіне шалдыққан. Бұл індеттің жасарып келе жатқаны көпшілікті алаңдатады. Бұрындары семіздікке шамамен 40 жастан асқандар шалдығатын. Қазір аталған дертпен күресіп жүргендердің көпшілігі 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдер. 


Семіздікпен күресу үшін баланың ас мәзіріне ерекше мән беру керек. Мәселен, қазір ата-аналар жұмысбасты. Осыны сылтауратып  балаға жеңіл әрі тез даярланатын ас беруге құмар. Күнделікті қолданып жүрген фаст-фуд тағамдары адам денсаулығына зиян. Тәтті сусындарды шамадан тыс пайдалану да ағзаға кері әсер етеді. Ас – адамның арқауы.  Ата-бабамыздан келе жатқан адал асты тұтынған абзал. Тамақты уақытында, дастарқанға отырып, асықпай шайнап, жеген дұрыс. Асқазан қиналмауы тиіс. Сорпа, сулы тамақты жиі тұтынған абзал. 

Себебі, сорпа ағзаға жақсы сіңеді, тамақты қорытады. Көшеден сатып алған тамақтар денсаулыққа қауіпті. Оның құрамында қоспалар көп. Тамақты дәмді ету үшін түрлі дәмдеуіштер қосады. Олар ағзаны уландырады. Семіздіктің салдарынан гипертония, қант диабеті пайда болып, ұйқы безі, өт жолы,  асқазан-ішек жолдарының қызметі бұзылады. «Ішің ауырса – аузыңды тый» демекші, уланған, қиналған ағзаны емдеу үшін ашыққан жөн. 

Ашығып, диета ұстаса ағза қалпына келеді. Талғамсыз тамақтан өткізе беру  өзіңді өлтірумен тең. Асқазан қызметі бұзылған соң адам семіздікке шалдығады. Ол жүректі де қинайды.Көше тамақтары семіздікке апарып соғады. Ауруға шалдықпас үшін  семіздіктің  алдын алу қажет. Ол үшін төменде көрсетілген кеңеске құлақ түрген абзал. Бірінші, тамақтану режимін сақтап, ұйықтардан 3-4 сағат бұрын ас қабылдаған жөн. Жеңіл сіңетін көмірсуларға шектеу қою арқылы ас мəзірінің құнарлылығын азайтқан пайдалы. Ас тұзын аз қолдану керек. Шикі көкөністер мен жемістерді көбірек тұтынған пайдалы. Себебі, ағзаға қажетті дәруменнің барлығы көкөністе. Дәрумендер иммунитетті көтереді. 

Денсаулықты нығайтады. Тұздықтар, дəмдеуіштер, ащы тісбасарларды ас мəзірінен алып тастаңыз. Салмақты бақылауда ұстап, күнделікті дене жаттығуларын жасаңыз.  Жоғарыда айтқан кеңестерге құлақ асу аса маңызды. Ең бірінші балаға дұрыс тамақтану қажеттігін түсіндіріп, ас мәзірін талапқа сай даярлап беріңіз. Балаңыздың денсаулығының мықты болуын ойласаңыз  дәрігер кеңесіне жүгініңіз. 

Әсел ТАНЕКЕНОВА,
Талдықорған жоғары медициналық колледжінің 
МІ 412-топ білімгері

Арайлым ЖОМАРТБАЕВА,
ғылыми жетекшісі
 

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

27 қараша 2026
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.