Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«ҚҰРМЕТ» ЖІГЕРЛЕНДІРДІ

19 қараша 2024
КҮЛТӨБЕ
"ҚҰРМЕТ" ЖІГЕРЛЕНДІРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Күні кеше ғана Тәуелсіздік сарайында тер төгіп, адал еңбек еткен шаруалар мен диқандар үшін салтанатты жиын өтті. Ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің алғашқы форумында ел Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ біраз мәселе көтерді. Ендігі біздің мақсат – Қазақстанды әлемдегі ең астықты елдің біріне айналдыру.


Адал еңбекке қашанда құрмет жоғары болады деп ойлаймын. Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің құрметіне ұйымдастырылған шарада қасиетті қара жерден нәсіп тапқан адал азаматтарға мемлекет тарапынан барлық жағдай қарастырылатыны айтылды. Мемлекет басшысы субсидия алу мен жеңілдіктерді пайдалану алгоритмдері фермерлер үшін барынша қарапайым және түсінікті болуы керектігін жеткізді. Тіпті, жыл сайын ауылшаруашылығы автопаркін 10 пайызға жаңарту қажеттілігі де сөз етілді. Техниканы 5 пайызбен жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы іске қосылды. 

Нәтижесінде соңғы 3 жылда ауылшаруашылық техникаларымды толықтай жаңарттым. 1998 жылы әкем Нәби Құмарбекұлы құрған «Әйгерім» шаруа қожалығы бүгінде жүгері егіп, қой, сиыр асырап, ауылдастарды жұмыспен қамтып отыр. 2012 жылдан бастап шаруашылық тізгінін қолға алдым. Қазір еншімізде 1200 гектар жер бар. Оның 200 гектары егіндік жер болса, қалған 1000 гектары жайылымдық. Израильдік тамшылатып суару технологиясын меңгеріп, 2022 жылы 50 гектарға, 2023 жылы 100 гектарға тамшылап суару жүйесін орнаттық. Соның нәтижесінде әр гектардан алынған өнімділікті 15 тоннаға  жеткіздік. Бұл – біз үшін үлкен жетістік. Осынау еңбегімізді бағалаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз қолымен «Құрмет» орденін табыстады. Бұл «Құрмет» ары қарай да жемісті еңбек етуге жігерлендірді. Мемлекет тарапынан шаруалар еңбегі бағаланғанына қуаныштымыз. 

Ұлан САРПЕКОВ,
«Әйгерім» шаруа қожалығының басшысы
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

27 қараша 2026
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.