Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

23 қыркүйек 2024
САЯСАТ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жас спортшылар FAI әлем кубогының қазақстандық кезеңі саналатын «Қорқыт Ата» кубогы және Байқоңыр ғарыш айлағының кубогында бақ сынады.


Жарыс қарсаңында Байқоңыр ғарыш айлағына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан 120-ға жуық спортшы зымыран модельдеу саласындағы өз шеберліктері мен жетістіктерін көрсетуге келді.

Ақыл аламаны «s3a» (парашют үлгілері), «S4A» (зымыран ұшақтары), «S6A» (стримерлік үлгілер), «S8P» (радио басқарылатын зымыран ұшақтары) және «S9A» (роторлы үлгілер) сияқты зымыран түрлері бойынша өрбіді.

Қазақстанның атынан Алматы қаласынан келген «Барыс» командасы қатысты. Топ құрамында «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері Даниил Гашев, ағайынды Владимир және Дмитрий Биктимировтар бар.

Тартысқа толы сайыста олар «Қорқыт Ата» Кубогы үшін таласта командалық есепте  «S9A» түрі бойынша және «S8p» түрінен Байқоңыр ғарыш айлағы Кубогында қола жүлдегер атанды.

Командалық жеңістерден бөлек жекелеген жетістіктерге қол жеткізген Владимир Биктимиров «s9a» үлгісінде күміс медаль иеленсе, ал оның ағасы Дмитрий сол санатта қоланы қанжығалады.

– Бұл жарыста біз тек күшімізді сынап қана қоймай, космновтика ғылымының қыр-сырына қанықтық. Қазақстанды жоғарғы деңгейде таныстырғанымызға қуаныштымыз, — дейді Владимир Биктимиров.

Балалар Алматы жолаушылар көлігі және коммуникациялар колледжінің Smart Sarbaz сыныбында оқиды. Оларды әуе және зымыран ғылымының оқытушысы (fpvschool.kz) Владислав Барышев жаттықтырады. Бұл қызмет бағытына Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті елеулі қолдау көрсетіп келеді.

Халықаралық деңгейдегі осындай нәтижелер зымыран үлгілерін құрастырумен, дайындаумен  айналысатын қазақстандық шебер спортшылардың қалыптасып келе жатқанын айғақтайды.

 

Қатысты жаңалықтар

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Бүгін, 16:48
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Бүгін, 16:30
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Бүгін, 16:19
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Бүгін, 16:11
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

Бүгін, 15:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.