Талдықорған: +3°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МҰРАЖАЙДАҒЫ МЕРЕЙЛІ СӘТ

21.07.2024
РУХАНИЯТ
МҰРАЖАЙДАҒЫ МЕРЕЙЛІ СӘТ
WhatsAppTelegramFacebook

Жаркент мешіті көркем-сәулет мұражайының ауласында қазақ бейнелеу өнерінің атасы Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Әбілхан әлемі» атты мәдени іс-шара өткізілді.

Шараның беташарын Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Панфилов аудандық филиалының төрайымы Роза Ыстай кіріспе сөзбен ашты.

– Әбілхан Қастеев атамыз – еліміздің әйгілі кескіндемешісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы талантты тума екені мәлім. Тамаша туындыларының қатарында ел тарихын ұлықтайтын Шоқан, Абай, Жамбыл, Амангелді сынды ұлы тұлғалардың бейнесін сомдаған картиналары өрнегі қайталанбас төлтумалары қалпында сақталды, – деп сөз өрген ол  суретшінің мерейтойының аясында жерлестері де түрлі мәдени-танымдық іс-шара өткізіп, ұлы тұлғаның талантын жастарға танытуда жоспарлы жұмыстар жүргізіп келе жатқанын тілге тиек етті.

 Алқалы басқосуда Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркем-сурет Академиясының академигі, суретші, мүсінші Ақан Оймауытов Әбілхан Қастеев мұрасының көркемдік ерекшеліктері жайлы баяндама жасады.

– Қазақ бейнелеу өнерін Әбілхан Қастеевсіз көз алдымызға елестету мүмкін емес, себебі өткен ғасырдың 20-30 жылдары-ақ бейнелеу өнеріне ең алғаш назар аударған, Қазақстандағы болашақ Суретшілер одағының негізін қалаушылардың бірі болған Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеев – адам жанын, оның шаттығы мен мұңын, қуаныш, сүйінішін, ішкі ой арпалысын, толғанысын тереңнен түсіне білген және айналадағы табиғат құбылыстарымен адам көңіл күйін шендестіре отырып, өз шығармалары арқылы өрнекті ойын көпшілікке шебер жеткізе білген тума талант, – деп баяндамасын бастаған суретші  Әбілхан Қастеев әлемін түсінікті, жатық тілмен терең талдап, тыңдарманын тума таланттың қайталанбас шеберлігінің сырларына бойлатты.

Шығыс сәулет өнерінің жауһары атанған Жаркент мешіті көркем-сәулет мұражайы тарихи кешенінің ауласына бұл күні оқушы, студент жастармен қатар өңірдің өнерсүйер қауымы жиналып, жергілікті халыққа танымал әнші, бишілер өнер көрсетіп шараның шырайын кіргізді. Үлкеншыған ауылдық Мәдениет үйінің директоры, дәстүрлі әнші Еркебұлан Қонашевтің орындауындағы «Сағынсам, қалқам, өзіңді», ҚР Мәдениет саласының үздігі Көркем Шойынбаева шырқаған «Далада», жас әнші Мейірман Мүтән орындаған «Мен қазақтың ұлымын» әндері мен «Сахинұр» би ансамблі орындаған «Қара жорға» биі көрермендерді сүйсіндірді. 

Жаркенттіктердің ең үлкен мақтанышы, Халық суретшісі Әбілхан Қастеев туралы ізгі тілек пен көркем ой әр жанның көкірегінде сайрап тұрары анық. Ол осы шара барысында ортаға шығып ой білдірген Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын – этнограф Әдепхан Төреханұлы, атақты жүгеріші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күлғайша Бердіғұлова, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Тоқтарбай Керімқұлов лебіздерінен айқын аңғарылды. 
Шараға келгендер мұражайдың «Жұма мешіті» залына қойылған мүсінші Ақан Оймауытовтың тастан, ағаштан жасалған мүсіндер көрмесін тамашалап, Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығына арналған шырайлы шарадан рухани күш алып қайтты.

М. МАНАПҰЛЫ
 Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

07.03.2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.