Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ШАРШАҒАНДАРҒА СУСЫН ҰСЫНДЫ

6 шілде 2024
КҮЛТӨБЕ
ШАРШАҒАНДАРҒА СУСЫН ҰСЫНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы-Өскемен тас жолы. 252 шақырым. Полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жолаушыларға ас-су ұсынып жүр. Тәртіп сақшылары мұнымен қоймай сауалнама өткізуде. Қойылған сұрақтарға жөнді жауап бергендерге автокресло тарту етуде. Бұл «Жолдағы қабылдау» акциясының барысы.


«Жолдағы қабылдау» акциясына облыстық жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Нұрлан Далдыбаев, «ҚазАвтоЖол» АҚ өңірлік филиалы директорының орынбасары Жасұлан Қалтаев және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің Превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Асем Изгуттиева қатысты.

Бес айдың қорытындысы бойынша 231 жол-көлік оқиғасы тіркелген, 39 адам көз жұмды, 339 адам жарақат алды. «Жолдағы қабылдау» акциясы осындай олқылықты болдырмау, тас жолдағы трагедияны азайтуға бағытталған. Жетісу облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов осылай деп ой түйеді.

 – Шара халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, қоғаммен байланыс алаңын кеңейту, көші-қон заңнамасын сақтау және азаматтардың полицияға деген сенімін арттыруды көздейді. 14-15 маусым аралығында өткен шара барысында алыс жолдан шаршаған жүргізушілер мен жолаушыларды сергітуді көздедік, – дейді Жасұлан Байкенов. 

Шара барысында құқық қорғаушылар жүргізушілерді мемлекеттің құқықтық негіздерімен таныстырды, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты заңнамадағы өзгерістер туралы ақпараты бар кітапшалар таратылды. Сондай-ақ, жол бойындағы сервисті іздеу және бағыттарды жоспарлау үшін «Kazway» мобильді қосымшасы туралы түсіндірме жүргізілді.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

27 қараша 2026
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.