Талдықорған: +22°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«Инфекция тарап, ауру көбейген»: Жетісу халқы тері өңдеу зауытының жұмысына қарсы шықты

10.04.2024
ӘЛЕУМЕТ
"Инфекция тарап, ауру көбейген": Жетісу халқы тері өңдеу зауытының жұмысына қарсы шықты
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы Балпық би ауылының тұрғындары жергілікті билікке тері өңдеу зауытын көшірсін деген талап қойып отыр. Себебі елдімекеннің ішінде орналасқан өндіріс ошағынан ауаға жағымсыз иіс таралып, халықтың тынысын тарылтқан. Есік-терезені ашудан қалдық деген қараша түрлі инфекция таралып, дәрігерлердің көмегіне жүгінетіндер көбейгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тері өңдеу цехы Балпық би ауылының ішінде орналасқан. Өндіріс ошағынан таралатын жағымсыз иіс бүтін бір елдімекенге тарап, тұрғындардың тынысын тарылтқан екен. Жұрттың айтуынша, мал терісі апталап сасып жатады. Соның салдарынан жылдың үш мезгілінде үйдің есік-терезесін қымтап отыруға мәжбүрміз дейді. 

“Иіске шыдау мүмкін емес. Шошқаның иісі бұндай болмайды деп ойлаймын. Отырсаң көзіңнен жас шығады. Жаздыгүні тіпті қиын. Қыста білінбейді аса”, – дейді Балпық би ауылының тұрғыны Оралбек Зияданов. 

Ал тұрғындардың бірі Қайрат Жанғазиновтың сөзінше,тұрғындар терезені ашудан қалған. 

“Ауруханаға да түстік. Өзім де жатып шықтым. Иістен ауа жетпейді. Оттегі жетіспеушілікпен түсіп, өліп қала жаздап шықтым”, – дейді ол.

Ұлардай шулаған халық қолқаны қабатын қолаңса иістен шетімізден ауру болдық деп отыр. Тіпті қараша күн жылынғанда ойын балаларын далаға жіберуге қорқады. Ең сорақысы, мал терісі жуылған су канал арқылы Көксу өзеніне құйылады екен. 

“Біз Көксу ауданының орталығында тұрамыз. Орталық деген аты ғана. Қараңыздаршы, тіпті тротуардың үстінде малдың жапасы жатыр. Малдың өлексесі, ішек-қарыны. Кір су канал арқылы ағып, Көксу өзеніне құяды. Қазір онда тіпті балық жоқ. Бұрын жазда адамдар демалатын, қазір ешкім бармайды”, – деп ашуланды Балпық би ауылының тұрғыны Абай Желтіков. 

Ауласында аппақ құрт өріп жүрген өндіріс орнының басшысына тұрғындар талай мәрте ескерту жасаған. Тіпті әкімдікке де шағым айтқан. Алайда еш нәтиже болмапты. Ал кәсіп ашып, табыс тауып отырған азамат жұмыс бастамас бұрын ресми органдардан рұқсат алдым, барлығы заңды деп отыр. 

“Көршілерден рұқсат алмадық, бірақ сұрап, айттық. “Осындай жерден кәсіптелейік біз, бала-шаға бағып отырмыз” деп. Бұл кісілер сасытпай тазалап тұрсаңыздар болды деген. Ешқандай сасық жоқ қой бұл жерде. Аз ғана саситын шығар, тері ғой енді”, – деп ақталды тері өңдеу цехының басшысы Қуаң Тұрай. 

Ал, жергілікті биліктің өкілдері мәселеден хабардар екен. Шенеуніктер тиісті мамандарды шақырып, тексеріс жүргізетіндерін жеткізді. 

“Ол — жекеменшік жер. Жекеменшік жерде тері қабылдай береді. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Мамандар бар, ведомстволық станция бар, бәріміз жұма күні келіп, бәрін тексеріп, ережеге сай ма, ауылдан канша шақырым болу керек соған сәйкес, қағаздарын береді, тексеріледі. Жабатын нәрсені жабады”, –  деп түсіндірді Балпық би ауылдық округінің әкімі Төлеген Қожабеков. 

Ауылдың ауасын ластап жатыр деп бас көтерген бұқара цехты басқа жаққа көшіруді талап етеді. Жұрт бұл мәселе шешілмейінше тыным таппай, тиісті органдарға хат жазуды жалғастырмақ. 

Фото: видеодан алынған кадр

Қатысты жаңалықтар

«Даму» қоры шағын қалалар мен ауылдарда ШОБ-ты қолдау үшін мобильді фронт-офистерді іске қосады

«Даму» қоры шағын қалалар мен ауылдарда ШОБ-ты қолдау үшін мобильді фронт-офистерді іске қосады

05.05.2026
Шәкірт шамшырағы

Шәкірт шамшырағы

05.05.2026
3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

05.05.2026
«Жетісу» жеңіспен аяқтады

Мяо Ивэн: Қазақстанға қайта келемін

05.05.2026
Ширек ғасыр толайым табыс

Ширек ғасыр толайым табыс

05.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.